Клуб

Комплаенс

Сіздерді «Астана» кәсіби баскетбол клубы» ЖМ ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінде қарсы алуға қуаныштымыз.

«Астана» баскетбол клубы клубта сыбайлас жемқорлық көріністеріне ашықтық пен оған төзбеуді қалыптастыруға ұмтылады.

Клубта ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқыту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, іске асырылуда.

ЕГЕР СІЗ БІЛСЕҢІЗ:

  • сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;
  • лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;
  • «Астана» КБК ЖМ материалдық залал келтіретін немесе оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасау туралы.


Электрондық пошта арқылы дереу хабарлауды сұраймыз: complianceofficer.pbca@gmail.com немесе(7172) 610 584 телефон нөмірі бойынша