ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Пари Нижний Новгород
Нижний Новгород
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
09.03.2024, 16:00 Сн
Арена: СС «Нагорный» (Нижний Новгород)
94:72
Негізгі уақыт
27:14 31:18 16:26 20:14
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1102
Астана
Астана

Сырт алаңдағы ойындар сериясын бастадық

09.03.2024, 18:00    Просмотров: 161
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясын бастап, алғашқы ойында «Пари НН» командасына жол берді.

Нижний Новгородта өткен ойын 94:72 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

«Астана» сапынан 13 ұпайдан еншілеген Ройс Хэмм мен Карвел Андерсон матчтың үздік ойыншылары деп танылды.

«Матчтың алғашқы жартысында команданың зейіні жоғары деңгейде болды, өз арамызда келіскен детальдарды назарымызда ұстадық. Керемет баскетбол көрсеттік! Бұл ойыннан алғымыз келетін нәтижені, әр жағдайды алдын-ала білдік.

 Шынын айтқанда, бапкер ретінде ойынның бірінші жартысында есепте үлкен айырмашылық болғанын ұнатпаймын. Ол команданың босаңсуына әсер етеді, осыдан қателер пайда болып, ойын негізі басқа арнаға бұрылып кетуі мүмкін. Қуанышымызға орай, мұндай жағдай болған жоқ. Келіскеніміздей соңына дейін өз ойын өрнегімізден танбай, жеңіске жеттік. Тіпті, есепте айырмашылық болды. Ал бұл алдағы уақытта өз пайдасын тигізуі мүмкін. 

Кездесудің екінші жартысында сәл әлсіздеу ойын өрнегін көрсетуімізге кейбір ойыншыларды алмастыруымыз себеп болды. Себебі, кецбір ойыншылардың дем алғанын қаладым. Жоспарым Воронцевичпен жағдайда жүзеге асса, ал Бабуринмен және Ганькевичпен бұл ойым сәтсіздікке ұшырады. Олардың алаңда үш-төрт минутқа аз ойнауы керек еді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда оларды толыққанда алмастыра алатын ойыншы жоқ»
, — деп ойынды қорытындылады «Пари НН» бас бапкері Зоран Лукич.

Енді Фотиос Такианос командасы сапарын Самарада жалғастырып, 13 наурыз күні жергілікті ұжыммен сынға түседі.

Еске сала кетейік, 21 және 24 наурыз күндері «Астана» Алматыда ойындар өткізеді. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Нагорный»
Қала: Нижний Новгород Сайт: www.nn-basket.ru

Сипаттамасы

«Пари Нижний Новгород» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктер:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011, 2018, 2019
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/2014
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/2014