ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
ЦСКА (МСК)
Мәскеу
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
13.02.2025, 21:30 Бс
Арена: Мегаспорт (Мәскеу)
118:77
Негізгі уақыт
37:11 27:18 28:20 26:28
Ойын нөмірі:
Көрермен: 2467
Астана
Астана

ЦСКА – Астана матчына аңдатпа

12.02.2025, 16:00    Просмотров: 138
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионына қарсы ойнау үшін Мәскеуге аттандық. Матчта қарсыластан не күтуге болады, толығырақ материалдан оқыңыздар.

Турнирлік кестеде екінші орында

«Астана» мен ЦСКА арасындағы соңғы ойыннан бері (2025 жылдың 5 қаңтары), мәскеулік ұжым ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде екінші орынға түсіп қалды. Команда 26 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапқан. ЦСКА соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіп, біреуінде жеңілген. Мәскеулік ұжым 86:94 есебімен «Пари Нижний Новгородты» жеңіп, «Самараны» ойсырата ұтты – 44:102. Сондай-ақ, Екатеринбургте «Уралмашты» ұтып (67:94), Саратовтың «Автодорынан» да басым түсті (108:83). Андреас Пистолис шәкірттері ақпанда тек «Зенитке» ғана жол берді – 66:97.

Көшбасшы ойыншылар

Мәскеулік ұжымның көшбасшы ойыншылары туралы бұған дейін мақалаларымызда жазғанбыз, келесі матч алдында да сол материалды оқып шығуға кеңес беріміз: https://pbcastana.kz/ru/news/?id=5745

ЦСКА-ның бір ойыншысы тұрақты түрде аптаның үздік бестігіне енетінін айта кету керек. Өткен аптада (3-9 ақпан) бұл қатардан Каспер Уэйр табылды. Соңғы екі ойында ол 18.5 ұпай, 5.0 пас еншілеп, әрекеттерінің тиімділігі үшін 22.0 балл алған.

Жұлдыздар

ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздары матчына ЦСКА сапынан Никита Курбанов (4.4 ұпай, 3.8 рет допты алу) пен Антон Астапкович (7.8 ұпай, 3.3 рет допты алу) қатысады. Олар «Қонақтар» сапында өнер көрсетеді. Алекса Аврамович (13.6 ұпай, 3.5 пас) пен Мело Тримбл (14.6 ұпай, 4.0 пас) «Алаң иелері» құрамында өнер көрсетеді. Ал «Қонақтар» командасының бас бапкері Андреас Пистолис болады.

Кездесулер тарихы:

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 31 рет кездескен және барлық кездесу мәскеулік ұжым пайдасына аяқталған. Барлық ойындардың ішінде астаналықтар 2019 жылдың 15 желтоқсанында өткен матчта жеңіске бір қадам жақын болған. Ол кезде кездесу 104:91 есебімен ЦСКА пайдасына шешілген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Өз мақсатымыздың соңынан жүруді жалғастырамыз. Сырт алаңға толық құраммен бармаймыз, жастар көп ойын уақытын және өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Күрес көрсетіп, ойыннан ләззат алуға тырысамыз».

Матч: ЦСКА – «Астана»
Күні мен уақыты: 13 ақпан, 21:30
Өтетін орны: Мәскеу, Мегаспорт.
Трансляция: клуб пен ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында

Көшбасшы командамен матчтың соңында жақсы ойын өрнегін көрсеттік

14.02.2025, 12:30    Просмотров: 219
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Матч жоғары қарқынмен басталып, «Астана» алғашқы минуттардан бастап ойынға қосылуға тырысып бақты. Алайда қарсылас шабуылдағы жылдамдығын қолданып, басымдықты өз қолына алды. ЦСКА екі минут ішінде 14 ұпай еншілесе, астаналықтар сапынан тек Дэниэл Утоми алыстан жасаған соққысымен көзге түсті. Әрі қарай Данила Походяев, Григорий Мотовилов пен Утомидің арқасында команда тағы да ұпай еншілеген, дегенмен бірінші ширек алаң иелерінің пайдасына шешілді – 37:11.

Екінші он минуттықта «Астана» сенімдірек ойнап, мінез көрсетті (27:18). Данила Походяев үш ұпайлық соққы жасауға талпынысын жалғастырды (4/14, 29%), Асқар Майдекин мен Владислав Исаенко нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. Сонымен қатар, «Астана» жүйесінің тәрбиеленушісі Валерий Симонов ВТБ Бірыңғай Лигасында дебют жасады.

Үшінші ширекті астаналықтар кездесудің жоғары қарқынын сақтап, бәсекеге қауқарлы ойын өрнегін көрсетті (28:20). Бұл кезеңде алаңға «Астана» сапынан тағы бір дебютант Илья Пестов шықты. 17 жастағы шабуылшы қазақстандық ойыншылар арасынан Лигадағы ең үздік дебют жасаған ойыншы атанды. Илья өзінің алғашқы ойынында 4 ұпай олжалап, 3 рет допты тартып алып, тағы бір рет допты алды. Осылайша, ол осы маусымдағы бір матчта 3 рет допты тартып алған Асқар Майдекин мен Рустам Мурзагалиевтен кейінгі «Астананың» үшінші ойыншысы атанды. Одан бөлек, Пестов Александр Ганькевичтен допты тартып алып ойынды сенімді бастады. Алайда ширек соңына таман ЦСКА ойын тізгінін қайта өз қолына алды – 92:49.

Соңғы он минуттықты «Астана» өз пайдасына жазды. Команда ширектің басында Утоми, Пестов пен Мотовиловтың нәтижелі шабуылдарының арқасында 0:8 есебімен алға шықты. Осылайша, астаналық ұжым шешуші ширекті лайықты ойын өрнегі мен нәтиже көрсетті.

ЦСКА – «Астана» 118:77 (37:11, 27:18, 28:20, 26:28)

«Астана»:
Дэниэл Утоми (21 ұпай + 3 пас), Григорий Мотовилов (13 ұпай +7 пас), Данила Походяев (11 ұпай + 5 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Қорғаныстың әлсіздігінен жеңіліс тапқан ойын. Әсіресе, бірінші ширекте ЦСКА ойға алғанының бәрін жүзеге асырды… Біздің команда, тіпті алаңда болмағандай сезілді. Ал шабуылға келер болсақ, бүгінгі құраммен жақсы, тіпті сәтті деп айтуға болатын ойын көрсеттік. Өкінішке қарай, белгілі бір себептерге байланысты Рустам Мурзагалиев пен Вадим Щербак сырт алаңдағы ойындарға келген жоқ. Сонеымен қатар, команданың тағы бір маңызды ойыншыларының бірі Александр Оразбеков жарақат алып қалды. Бүгін құрамда болған ойыншыларымның бірі «pick and roll» комбинациясында ойнайды. Сондықтан жағдайдан шығатын жол іздеп табу керек болды».

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1923 Клубтық түстері: қызыл, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСК ЦСКА
Қала: Мәскеу Сайт: www.cskabasket.com

Сипаттамасы

ЦСКА – Ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2019
  • КСРО Кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982
  • Ресей Кубогының жеңімпазы – 2005-2007
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971
  • Еуролига чемпионы − 2005/06, 2007/08, 2015/16 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012-2018/19, 2020/21
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/2011, 2021/2022
  • Нева Кубогының жеңімпазы — 2020
  • А. Я. Гомельский Кубогының жеңімпазы - 2020