ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
04.03.2025, 20:00 Сс
Арена:
vs.
Ойын нөмірі:
Пари Нижний Новгород
Нижний Новгород

ВТБ Бірыңғай Лигасы мен «СИБУР» командасы 2024-2025 жылдар маусымындағы экологиялық матчтар сериясын бастайды!

28.02.2025, 18:30    Просмотров: 96
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
4 наурызда елімізде белгілі бір тақырыпқа арналады! «Сарыарқа» велотрегінде экологиялық белсенділіктер өткізіледі және сіздерді, жанкүйерлерімізді оған қатысуға шақырамыз!

ВТБ Бірыңғай Лигасы мен «СИБУР» компаниясы жанкүйерлерді 11 қалада өтетін экология мен қоршаған ортаны қорғауға арналған тақырыптық матчтарға келуге, сондай-ақ жарқын болашақты құруды мақсат ететін Экоқұрамаға қосылуға шақырады.

«Сарыарқа» велотрегі фойесінде пластиктерді жинауға арналған арнайы орындар болады, ал жанкүйерлер үшін сыйлық жеңі алу мүмкіндігін ұсынатын шаралар ұйымдастырылады. Баскетбол сүйер қауым тақырыптық викториналарда өз білімін сынап, экоплинкоға қатысып сыйлық жеңіп, крейзи баскетболдан турнир жеңімпазы атанып, экология бойынша шеберлік сағаттарына қатыса алады.  

Сыйлық жеңіп алу мүмкіндігі ұсынатын сайыстарда жанкүйерлер Лиганың жұлдыз ойыншыларының қолтаңбасы қойылған ресми экодопты немесе баскетбол аңыздарының қолтаңбасы бар джерсиді жеңіп ала алады. Ал ең белсенді қатысушылар басты сыйлыққа талас жүргізеді! Сыйлық – сүйікті командаңның жаттығуына қатысу!

4 наурызда матчқа келіп, «Астананың» ВТБ Бірыңғай Лигасы экологиясы мықты командасы атануына көмектесіңіз. Матч сағат 20:00-де басталады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Нагорный»
Қала: Нижний Новгород Сайт: www.nn-basket.ru

Сипаттамасы

«Пари Нижний Новгород» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктер:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011, 2018, 2019
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/2014
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/2014