ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
МБА-МАИ
Мәскеу
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
30.03.2025, 18:00 Жс
Арена: Баскет Холл Мәскеу (Крылатское) (Мәскеу)
75:61
Негізгі уақыт
21:17 17:12 19:10 18:22
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1308
Астана
Астана

МБА-МАИ – «Астана» матчына аңдатпа

29.03.2025, 16:00    Просмотров: 416
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгінде МБА-МАИ ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты турнирлік кестесінде 9-орында келеді. Команда 13 ойында жеңіске жетіп, 26 кездесуде сәтсіздікке ұшыраған. Василий Карасев шәкірттері красноярскілік «Енисейден» сәл алда (13-27) және «Парманы» қуып жетуі үшін мәскеулік командаға үш жеңіс қажет (16-23). МБА-МАИ соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіліс тауып, біреуінде жеңіске жеткен. Соңғы матчтарда «Уралмаш» (85:79), ЦСКА (90:62), «Парма» (90:86), «Автодор» (85:95) мәскеулік командадан басым түскен. Тек «Самара» ғана МБА-МАИ-ге қарсы тұра алмады – 99:60.

Наурыз айында МБА-МАИ тек ВТБ Бірыңғай Лигасында ойнап қоймай, Ресей Кубогының финалында да өнер көрсетті. Мәскеулік ұжым «Уралмаштан» жеңіліп (84:68), «Химкиден» басым түсіп (72:62), қола жүлдеге қол жеткізді.

Команданың нәтижелік бойынша үздік ойыншылары – Андрей Зубков (14.3 ұпай), Макар Коновалов (9.8 ұпай + 5.1 пас) пен Владислав Трушкин (8.3). Трушкинді үш ұпайлық соққы жасайтын аймақта назардан тыс қалдыруға болмайтынын есте ұстау керек.

Бұл ойында:

 • Андрей Десятников 150-рет допты алуы мүмкін (2024/2025 жылдар маусымында);
• Григорий Мотовилов 100-нәтижелі пасын беруі мүмкін (2024/2025 жылдар маусымында).  

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 9 кездесу өткізген. 8 матчта МБА-МАИ, бір ойында «Астана» жеңіске жеткен. Соңғы рет командалар 1 ақпанда Астанада кездесті. Онда қарсыласымыз 61:87 есебімен жеңіске қол жеткізген еді. Ертеңгі ойын – кеткен есені қайтару үшін тамаша мүмкіндік!

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— МБА-МАИ – жас әрі физикалық тұрғыдан мақты команда. Қарсыласымыз жақсы таныс. Ойынға жоспар дайын, ең бастысы – оны орындау. Оған қоса, бізге күрес жүргізуге дайын болып, теке-тіреске толы болар ойын алдында қобалжымау керек. 

Матч: МБА-МАИ – «Астана»
Күні мен уақыты: 30 наурыз, 18:00
Өтетін орны: Баскет Холл Москва
Трансляция: клуб сайтында

Мәскеулік команда мықтырақ болды

31.03.2025, 11:00    Просмотров: 421
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Матчтың бірінші ширегін алаң иелері сенімді бастағанымен, астаналықтар оған лайықты жауап қайтара білді, осылайша кезең күреске толы болды. Орталық алаңнан дәл соққы жасаған Григорий Мотовилов пен Галин Смиттің жойқын путбэгі шабуылға жақсы қарқын берді. Рустам Мурзагалиевтің үш ұпайлық соққысы мен Айтқалидің екі ұпайы есеп айырмасын 1 ұпайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Екінші он минуттықта Василий Карасев шәкірттері 6:1 есебімен алға шықты. Таймауттан кейін Утоми мен Мотовилов «Астананың» шабуылын үдетіп, есеп айырмасын қысқарта білді. Кездесудің алғашқы жартысы мәскеулік команда пайдасына жазылды. МБА-МАИ +9 ұпай айырмашылығымен алда.

Ойынның үшінші бөлігінде «МБА-МАИ» ұпай еншілеуді жалғастыра берді. Глеб Плотников шәкірттері қарсыластың қарқынын бәсеңдету үшін бар күшін салды. Галин Смит 6 ұпай олжалап, жақсы ойын бөлігін көрсетті және үшінші кезеңнің нүктесін Андрей Десятников данкпен қойды.  

Төртінші кезеңді өз пайдамызға жазғанымызбен, бұл ойында жеңіске жету үшін жеткіліксіз еді. Матч Мағжан Сәрсенғалиевтің алыстан жасаған дәл соққысымен аяқталды.

МБА-МАИ – «Астана» — 75:61 (21:17, 17:12, 19:10, 18:22)

«Астана»: Галин Смит (12 ұпай), Даниэл Утоми (11 ұпай, 6 рет допты алу), Григорий Мотовилов (10 ұпай + 6 пас),Андрей Десятников (9 ұпай + 7 рет допты алу), Аскар Майдекин (8 ұпай).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— Өзіміз қателік жіберіп, қарсылас жылдам соққы жасаған екінші ширектің соңы мен қорғаныстағы ағаттықтан кейін Данил Певневтің жасаған үш ұпайлық соққысы кездесу тағдырына тікелей әсер етті. Сонымен қатар, үшінші ширектің басында өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық, ал қарсылас болса керісінше. Оған қоса, допты алған кезде қорғаныстағы ойын маңызды рөлге ие болған. Біз бұл көрсеткіште де қарсыласқа есе жібердік.

 «Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы аясындағы кезекті матчын 2 сәуірде өткізіп, сырт алаңда «Локомотив-Кубань» командасымен кездеседі.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2013 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл Мәскеу (Крылатское)
Қала: Мәскеу Сайт: mbabasket.pro

Сипаттамасы