«Астана» – 3x3 “Moscow Open” халықаралық турнирінің ширек финалында

28.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 1673
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

27 мамыр күні Астана» баскетбол клубы 3х3 “Moscow Open” халықаралық турнирінде тұсауын кесті. Бұл турнир дәстүрлі түрде, 15-ші рет Мәскеудің «Көпір астындағы» алаңында өтіп жатыр.

Елорда командасы аталмыш турнирдегі бірінші ойынын Ресейдің төрт дүркін чемпионымен өткізіп, «Астана» 8:20 есебімен есе жіберіп алды.

Ал Сербия чемпионы «Krupanja» командасымен өткен екінші ойында біздің команда үстемдік құрды. Есеп 19:17 болып, астаналық ұжым жеңіске жетті.

Жеңіс пен жеңілістің ара қатынасы – 50%. Орта есеппен бір ойында – 13,5 ұпай. Барлық еншілеген ұпайы – 27.

Сөйтіп, «Астана» 1/4 финалына шықты. 28 мамыр күні біздің жігіттер Ресей кубогының жеімпазы, ресейлік «COP NEVA» командасымен кездеседі.

Келесі ойындардың онлайн трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінен – pbcastana.kz, сондай-ақ VK әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан көре аласыздар.

Турнир жайлы ақпараттар, турнир кестесі, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері – мына сілтемеде.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»