Жастар арасындағы 3х3 «Астана» кубогы 

22.07.2022, 09:00    Оқылғаны: 1493
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
5 — 6 тамыз аралығында «Астана» кәсіби баскетбол клубы барлық әуесқой жастар арасындағы «Астана» 3х3 кубогына қатысуға шақырады.

«Астана» кубогы елордадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінің паркетінде өтеді, ойындар 10:00-де басталады.

Кубокқа келесі жастағы ұлдар мен қыздар қатыса алады:
  • Жасөспірімдер U14, U16, U18, U23.
  • Қыздар U14, U16, U18, U23.
 
Қатысу үшін 4 адамнан тұратын команда жинап, ұлдар үшін 15 000 теңге және қыздар үшін 10 000 теңге қатысу жарнасын енгізу қажет.

Командаларды сайтқа тіркеу: https://play.fiba3x3.com

Тіркелгеннен кейін қатысу жарнасын мына нөмірге  жіберуді сұраймыз: +7 701 013 12 13
 
Клуб пен серіктестерден арнайы сыйлықтар берілетінін ұмытпаңыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»