Академия жаңа залының салтанатты ашылуы өтті

02.09.2022, 20:00    Оқылғаны: 1326
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
2 қыркүйекте «Астана» академиясы жаңа залының салтанатты тұсаукесері өтті. Аталмыш нысан Тәуелсіздік, 30 мекенжайы бойынша орналасқан (Майлин көшесінің қиылысы).
 

Ата-аналар елорданың оң жағалауында тұратын балаларға жаттығуларға қатысу үшін, бір жағынан елдің ең атақты баскетбол клубының құрамына алыну үшін көптен бері қолқа салған-ды. Осылайша спортқа жаны құмар қаншама ұл мен қыздың арманы орындалды. 

Сонымен қатар, жаңа залда түрлі жарыстар ұйымдастырылып, клубтың фарм-командасы өздерінің үйдегі ойындарын өткізеді.

Самсон Аракелян

«Шын мәнінде, біз мұны тура мағынасында баскетбол үйі деп атасақ, онда бұл — тек жаттығу процесі ғана емес, сондай-ақ, турнирлер мен баскетболға қатысты іс-шаралардың көбейгені. Енді барлық демалыс күндері бізде бір жылға жоспарланып қойылады деп үміттенемін. Бұл орын дамып, баскетбол тәрбие құралына айналып, сол арқылы келушілерге барынша көп энергия беруі тиіс. Біздің жобаға қолдау білдірген «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Sport Qory» қорына алғыс айтамыз», — деді «Астана» КБК бас директоры Самсон Аракелян.

Жаңа залдың ашылу салтанатына «Sport Qory» спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек және ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов қатысты. Олар лентаны кесу құрметіне ие болды.




Жаңа залға негізгі құрамның баскетболшылары: Руслан Айтқали, Асқар Майдекин, Константин Нефф, Даниил Аксенов және Андрей Литвиненко да келді. Олардың әрқайсысы жаңа залдың тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.



Іс-шараға келген қонақтарға клубтың көшбасшылары мен тәрбиеленушілері дайындаған нөмірлер ұсынылды.




Рәсім аяқталғаннан кейін барлық қатысушы арнайы дайындалған тақтаға естелік жазба қалдырды. 



«Астана» академиясына қабылдау жалғасуда. Толығырақ мына жерден білуге болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»