«Астана» фарм-команданың жаттықтырушылар штабын анықтады

07.09.2022, 10:00    Оқылғаны: 1332
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» осы маусымдағы фарм-команданың жаттықтырушылар штабын таныстырады.

Жастар құрамын ресейлік маман Михаил Лоншаков жаттықтырса, ал «орта шептің» белгілі өкілі Антон Пономарев ойыншы-жаттықтырушы рөлін атқарады. Михаил Валерьевич 1978 жылы 2 мамырда Пермь қаласында дүниеге келген. 2010 жылдан бастап ол «Каспий» клубында жас баскетболшылармен жұмыс істеді, ал 2021/22 маусымда жас тәрбиленеушілерден құралған клубтың негізгі командасын жаттықтырды.

Антон Юрьевич 1988 жылы 31 қазанда Қостанай қаласында туған. Мансабын «Астана жолбарыстары» сапында бастап, 6 рет Қазақстан чемпионы атанып, үш рет ел Кубогін жеңіп алды. 2010-2011 жылдары сербиялық «ФМП» және ресейлік «Спартак-Приморье» командаларында өнер көрсетіп, соңғысымен Суперлига чемпионы атанды.

«Астана» клубы құрылғаннан кейін ол елордалық клубқа қосылды. Барлығы 7 жыл өткізіп, 6 рет ел чемпионы атағын жеңіп алса, бірнеше рет ұлттық кубокті қанжығасына басқан. Екі рет (2013, 2016) ВТБ Бірыңғай лигасының қазақстандық үздік ойыншысы атанды.

Антон Пономарев 2018 жылы мансабын аяқтағанын хабарлаған еді, алайда бір жылдан кейін ол қайта оралды. Алдымен «Тобылмен» келісімшартқа қол қойса, келесі маусымды «Астана» сапында өткізді. Осылайша, Антон Юрьевич тағы да Қазақстан чемпионы атағын алды. 2021 жылдан бастап ол «Ақтөбеде» өнер көрсетті.

Михаил Валерьевич пен Антон Юрьевичке алдағы маусымда сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»