Бүгін «Астана» қорғаушысы Мағжан Сәрсенғалиев 21 жасқа толды.
Ойыншы жаңа маусым басында елордалық клубқа қосылып, команданың Ұлттық лигадағы көптеген матчтарына қатысты. Сондай-ақ Мағжан Атырауда өткен Қазақстан Кубогында «Астана» құрамында кубокты елордаға қайтаруға көмектесті.
Ойыншымызға зор денсаулық, бақытты сәттер және «Астана» құрамында, баскетболдан Қазақстан құрамасында да көптеген жеңісті ойындар тілейміз!
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |