«Пари Нижний Новгород» командасына жол бердік

03.03.2024, 18:00    Оқылғаны: 167
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы аясындағы көктемдегі алғашқы матчын өз алаңында өткізді.

Қарсылас «Пари Нижний Новгород» командасы болды. Командалар 9 ақпан күні кездесуі керек еді, алайда қарсыластың Қазақстан астанасына келе алмауына байланысты ойын кейінге шегерілген.

Бұл кездесуде Фотиос Такианос «Астана» бас бапкері қызметіндегі алғашқы матчын өткізді. Өкінішке қарай, біздің жігіттер осы маусымда алғаш рет «Пари НН» командасына жол берді — 64:82. 

Екі команда да үш ұпайлық соққыларды жүзеге асыруда дәлдік танытқанын атап өту керек, статистика келесідей: «Астана» — 40%, қарсылас — 50%. 

Астаналық ұжым сапынан Маркелл Джонсон (18 ұпай, 8 пас), Ройс Хэмм (15 ұпай, 10 рет допты алу, маусымдағы сегізінші дабл-дабл) мен Карвел Андерсон (12 ұпай) үздік деп танылды.

Енді «Астана» 6 наурыз күні өз алаңында «МИНСК» командасын қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»