ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы көктемдегі алғашқы жеңіс!

06.03.2024, 22:00    Оқылғаны: 138
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» наурыз айындағы екінші және соңғы ойынында «МИНСК» командасын жеңді.

Беларусь елі командасы турнирлік кестеде соңғы орында және осы маусымда бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ, десе де ойын қазақстандық ұжым үшін оңайға соққан жоқ: астаналық клуб үшін сәтті болған бірінші ширектен кейін, қарсылас матчқа қайта қосылып, теке-тірес кездесудің соңғы минуттарына дейін сақталды. Әйткенмен, Фотиос Такианос шәкірттері өз жанкүйерлерінің алдында маңызды жеңіске қол жеткізе алды — 76:70.

«Астана» сапынан Ройс Хэмм (19 ұпай, 11 допты алу), Маркелл Джонсон (12 ұпай, 10 нәтижелі пас), Джордан Скиппер-Браун (12 ұпай, 7 допты алу), Дэвин Дэвис (11 ұпай, 5 допты алу) пен Василие Пушица (10 ұпай, 5 нәтижелі пас) матчтың үздік ойыншылары деп танылды. 

«Астананы» жеңісімен құттықтаймын, бүгін статистика бойынша да, таблодағы көрсеткіш бойынша да тең ойын болды. Бүгін матчқа дұрыс энергиямен шықтық. Жаңа ойыншымыз Зак Смит командаға өз энергиясын беріп, көп көмек көрсетті. Онымен доптың кері серпілісін бақылауда ұстау жеңіл: бүгін баскетбол қалқанындағы ойында қарсыласқа есе жібердік, бірақ тек допты үш рет алуда. Өкінішке қарай, матч соңында бірнеше соққы жасайтын мүмкіндігіміз болған, бірақ жүзеге асыра алмадық. Алайда оларды таптық, ойын ритмі дұрыс болды, команда да матчқа жақсы дайындықпен шықты. Ойын соңындағы маңызды соққыларды жүзеге асыру үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бұл туралы әр матчтан кейін айтамын десем де болады, бірақ біз берілмей, әлі де бұл компонентпен жұмыс істеп келеміз. Мақсатымызға жететінімізге сенімдімін», — деп матчты қорытындылады «МИНСК» бас бапкерінің міндетін атқарушы Алексей Суховецкий.

Енді команданы сырт алаңда ойындар сериясын өткізеді, қарсыластар — «Пари НН», «Самара» және «Руна» командалары. Одан кейін жігіттеріміз 21 және 24 наурыз күндері Алматыда «Уралмаш» және МБА ұжымдарын қабылдайды. Ал Астанадағы алаңда 4 сәуір күні «Рунамен» кездесу өткіземіз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»