Михаил Лоншаков: «Ойыншылармен жеке жұмыс істеуге кірісеміз» 

13.04.2024, 14:00    Оқылғаны: 1272
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана Академия» бас бапкері Михаил Лоншаков Ұлттық лиганың ширек финалдық кезеңін қорытындылады.

— Ақтөбедегі алғашқы ойынды сәтсіз бастадық, қарсыласымыз есепте үлкен айырмашылықпен алға озып кетті. Одан кейін қорғаныстың арқасында ойынымызды реттедік. Содан соң есепте кейде біз, кейде қарсылас команда алға шығып отырды. Үшінші ширектің соңында қорғаныстағы жақсы ойынымыздың, Игорь Каныгин мен Валерий Лиходейдің шабуылдағы тәжірибелерінің арқасында есепте алға шықтық. Қарсылас қорғанысқа көп көңіл бөле бастады, өзіміз жасаған екі қателік осында тең ойындағы нәтижеге әсер етті. Кейбір шабуылдарды жүзеге асыра алмадық, бір рет допқа иелік етуде жеңілдік. Статистика бойынша, бірінші кездесуде допты алуда басымдық біз жақта болды, көп қателескен жоқпыз. Бірақ, «Ақтөбенің» америкалық көшбасшы ойыншылары үш ұпайлық соққыларды жүзеге асырды. Осы көрсеткіш нәтижеге тікелей әсер етті. Әрине, бір допқа иелік етумен жеңіліс тапқан қиын, бірақ баскетбол дегеніміз — осы. 

Екінші ойынды тең бастадық, алайда команда көшбасшыларының шаршаңқылығы ойын бойы лайықты деңгейде қорғануымызға кедергі келтірді, сондай-ақ шабуылда алыстан және сақина астынан гол соға алмадық. Осылайша, қарсылас ойын соңында есептегі он ұпай айырмашылығын сақтап қала алды. Матч аяқталар тұста «Ақтөбені» қуып жету үшін барымызды салдық, бірақ алыстан және орта тұстан жасалған соққылардың діттеген жеріне жетпеуі есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік бермеді. Оған қоса, допты алуда жеңілдік. Қателік саны қарсыласпен салыстырғанда аз болды, бірақ олар өз алаңында ойнады және алыстан жасалатын соққыларды жүзеге асыра білді. 

«Ақтөбе» келесі кезеңде бақ сынайды, ал біз үшін маусым аяқталды. Ендігі жоспар — ойыншылармен жеке жұмыс істеу, оларды дамыту және ҚР Суперкубогы мен Батыс-Азия Суперлигасына қатысу үшін «Астана Академия» баскетболшылары көп бөлігінің негізгі командаға өтуі үшін тырысу. 

Алаңда да, трансляцияны көріп, бізге онлайн да қолдау көрсеткен жанкүйерлерді ерекше атап өткім келеді. Ақтөбеде де бізге қолдау көрсетуге келген жандар болды. Маусым үшін көп рақмет! Алға қарай қадам баса береміз дәне келесі маусымда биылғыдан мықтырақ боламыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»