Аңдатпа: ЦСКА – Астана
Қараша айындағы түздегі ойындар сериясын жалғастырамыз. Келесі қарсыласымыз ВТБ Бірыңғай Лигасы 11 дүркін чемпионы – мәскеулік ЦСКА. Қарсылас туралы не білу керек? Толығырақ мақалада.
Пистиолистің он бір жеңісі
Андрей Ведищевтің қатарынан тоғыз жеңіске жеткенін талқылағанымыз кеше еді, енді оның рекорды да жаңаруы мүмкін. Грекиялық маман Андреас Пистиолис жаттықтыратын мәскеулік ұжым турнирлік кестеде бірінші орында келеді (11-1) және 13 қазаннан бері бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін татпаған. Сол сәттен бастап ЦСКА қатарынан 8 матчта жеңімпаз атанған. 2024/2025 жылдар маусымында мәскеулік ұжым тек бір командадан, жақында ғана бізбен матч өткізген “Пари Нижний Новгород” қана тоқтата алды — 77:75.
Табыс сыры
Біраз адам мәскеулік ұжым табысының басты себебі – жазда сербиялық баскетболшы Алекса Аврамовичпен (14.1 ұпай, 4.4 пас) келісімшартқа қол қою екендігін айтады және бұған келіспеу де қиын. Оның Париждегі Олимпиада ойындарында Сербия құрамасы сапында көрсеткен тамаша өнері өз мансабына бағалы тәжірибе ғана емес, таңқаларлықтай танымалдық та сыйлады. Тіпті, оған ҰБА мен Еуропа лигасының үздік клубтарынан шақырту келіп түскен, алайда ол Ресейде ойнауға шешім қабылдаған. Сондықтан Дрим Тимге 2.0 (АҚШ құрамасы) қарсы ойында үш ұпайлық соққылар жасауға қорықпаған ойыншыны алаңда көруді баға жетпес бақытқа теңеуге болады.
Өткен маусымның нәтижесі (чемпионаттағы жеңіс) мен биылғы табыс мәскеулік ұжымның біріншіліктегі көшбасшылықты “Зенике” де, “УНИКС-ке” де, “Локоға” да берер ниеті жоқ екенін көрсетеді. Пистиолистің ЦСКА-сы Эмиль Райкович (2018-2021 жылдар аралығында “Астананы” жаттықтырған) пен Алексей Швед (маусымның қола жүлдегері атанды) кезіндегі мәскеулік ұжымды еске салмайды, оның орнына Димитрис Итудис пен Серхио Родригестің жеңілмес ұжымындай көрінеді.
Тәжірибе ме, әлде жастық па?
Мәскеулік команда өзінің былтырғы құрамын сақтап қалды деуге болады. “Енисейге” жалға берілген қорғаушы Владимир Карпенко ЦСКА құрамына қайта қосылды, Руслан Абдулбасиров “Пармадан” мәскеулік клубқа ауысты. Мәскеулік команданы бақылайтын кез келген жан ЦСКА ресейлік баскетбол аңыздарынан құралғанын жақсы біледі: Никита Курбанов пен Семен Антонов. Антон Астапкович (20 мин) бұрынғымен салыстырғанда көбірек ойын уақытын ала бастады, енді Александр Ганькевичтің өзін көрсетер сәті туды. Ол екеуі ЦСКА-2 құрамында бір емес, бірнеше маусым бойы бірге өнер көрсеткен.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаттары аясында командалар өзара 29 кездесу өткізген және оның бәрінде мәскеулік ұжым жеңіске жеткен. Барлық ойынның ішінде 2019 жылы 15 желтоқсанда өткен кездесуде ғана астаналық команда жеңіске бір табан жақын болған. Сол кезде 104:91 есебімен ЦСКА пайдасына аяқталды.
«Астана» БК орталық ойыншысы Аскар Майдекин алдағы ойын туралы:
«Соңғы матчтарда ойынымыздан прогресс байқалады. Біз кездесу бойы фокус пен зейінді ұстай білуіміз керек. ЦСКА-да жоғары деңгейлі баскетболшылар өнер көрсетеді, алайда біз жеңіске деген талпынысымызды, әр доп үшін күресуге дайын екенімізді көрсетуіміз қажет. Осының арқасында мәскеулік ұжымға қарсылық көрсете аламыз деп ойлаймын».
«Астана БК ойыншысы Мағжан Сәрсенғалиевтің мәскеулік ұжымға қарсы ойын жайлы пікірі:
«Бәріне белгілі нәрсені айтамын: ЦСКА – жоғары санатты ойыншылардан жасақталған чемпионаттың көшбасшы командасы. Өз ойыныма тоқталар болсам, матчқа қойған зейінім жоғары болуы керек. Бапкерлердің айтқан тапсырмасын орындау маңызды.
ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бірнеше матчтан кейін мұндағы қозғалыс жылдамдығы жоғары екенін және шешім қабылдауға берілетін уақыттың көп емес екенін түсіндім. Биыл бірде-бір жеңіске қол жеткізбедік. Сондықтан бұл біздегі жеңіске деген талпынысты, мотивацияны арттыра түседі».
«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеба Плотников алдағы кездесу жайлы:
«ЦСКА командасы таныстыруды да қажет етпейді. Лигада ең көп жеңімпаз атанған команда. Мұндай қарсыласпен ойын кезінде командаға қосымша мотивация берудің қажеті жоқ деп есептеймін, себебі бәрі өзін тек жақсы қырынан көрсеткісі келеді.
Паркеттен алаңның бір сантиметрін бос қалдырмай, соңына дейін күрес жүргізетін команданы көргім келеді.
Жас ойыншылардың прогресіне тоқталсақ, олар әр ойын сайын тек дамып, жақсара түседі деп сенемін. Прогресс, өсу бар, алайда алда оларды өзімен жасайтын үлкен жұмыс күтіп тұр».
Матч: ЦСКА – Астана
Күні мен уақыты: 16 қараша, 19:00
Өтетін орны: Мәскеу, Мегаспорт
Трансляция: «Астана» КБК сайты мен ВТБ Бірыңғай Лигасы сайты