Чемпионат көшбасшысына қарсы қиын ойын

16.11.2024, 23:00    Оқылғаны: 96
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ойынның басы

Біздің командамыз ойынның басында әдеттегідей алғаш болып есеп ашып үлгерді. Дәстүрге сай, команданың алғашқы нәтижелі соққыларын Дэниел Утоми жасаса, Галин Смит қорғаныста сенім ойнады. Ол Алекса Аврамовичке қарсы бірнеше блокшот жасап үлгерді.Алайда көп ұзамай командамыз қиындықтармен бетпе-бет келді. Олардың ең бріншісі – алаң иелерінің қорғаныста тығыз ойнауы. Осының арқасында олар қарсыласын қателік жасауға мәжбүрлеп, ЦСКА 7-0 көрсеткішімен алға кетті. Бірінші он минуттықтың соңына қарай аз уақытқа басымдықты өз қолымызға алып, есеп айырмасын 12 ұпайға дейін қысқарта білдік. Бұған Руслан Айткали мен Андрей Десятниковтің әрекеттері көмектесті.

Уэйрге қалай тосқауыл қоюға болады?

Астаналықтардың алаңда бетпе-бет келгентекінші мәселесі – екінші ширекте алыстан жасаған соққылары діттеген жеріне дәл жеткен Каспер Уэйр болды. Бұл ойыншыны жалғыз қалдыруға боомайды және бүгін де ол ешкімді аяған жоқ – үш ұпайлық 10 соққының 8-ін жүзеге асырды. Оның осы перформансының арқасында мәскеулік клуб есепте алға озып кетті. Өзінің жылдамдығы мен қорғаныста ойнау қабілетінің арқасында Александр Оразбеков бірнеше жақсы мүмкіндіктерді жүзеге асырды. Екінші он минуттықтың аяқталуына 2 минут қалғанда ол Владимир Карпенкодан допты тартып алып, айып соққыларын орындауға мүмкіндік алды. Одан бөлек, алаңда Андрей Десятников (тиімділік көрсеткіші – 15) ерекше көзге түсті. Алайда бүгін соңына дейін күрес жүргізу үшін күшіміз жетпеді.

Берілмей ойнау
 
Өкінішке қарай, матч басынан бері екі команданың екі деңгейде екені байқалп тұрды, сондықтан таңғажайып камбэктердің болу ықтималдығы аз еді. Ойыншылар өздерінің бар күштерін қолданып, кездесуді жалғастырды әрі кей сәттерде ол қолдарынан келді. Утомиде жақсы флоартер болды, Оразбеков пен Майдекин бірге жақсы жұмыс істеді, Десятниковтің блокшоттары да бар. Бүгін алаңда «Астанаға» маңызды ұпайлар салатын жарақат алғандар тізіміндегі Данила Походяев жетіспеді.
Ойын 110:50 есебімен ЦСКА пайдасына шешілді. Команда енді Астанаға оралып, 28 қарашада «Самараға» қарсы өткізетін матчқа дайындалады.

ЦСКА — «Астана» 110:50 (26:14, 32:11, 20:13, 32:12)

Көшбасшылар:  Даниэл Утоми (17 ұпай, 4 рет допты алу), Руслан Айткали (11 ұпай, 2 рет допты алу), Александр Оразбеков (8 ұпай), Андрей Десятников (8 ұпай, 5 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
 
«Моральдық тұрғыдан қиын жеңіліс. Осындай ойын көрсеткеніміз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Команда құрамымен мәселелер бар, оңтайлы емес деуге болады және ЦСКА бүгінгі матчтың барлық аспектісінде мықтырақ болды».
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»