Аңдатпа: Астана — Самара

27.11.2024, 13:30    Оқылғаны: 76
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты маусымы қарашадағы шағын үзілістен кейін қайта оралады. Ұлттық құрамалардың матчтары артта қалды және ойыншылар өз командаларының сапына келіп қосылды. 28 қарашада «Астана» өз алаңында «Самараны» қабылдайды. Ойыншылармен тілдестік, қарсыласпен жақынырақ танысайық.

Лига андердогы ма?

«Самара» чемпионаттың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр (5 жеңіс, 9 жеңіліс). Команда дәл красноярскілік «Енисейдей» жеңіске жеткен. Ал пермілік «ПАРМА» мен Саратовтың «Автодоры» еншісінде алты жеңістен бар.

2024/2025 жылдар маусымында «Самара» өзінен көп үміт күттірген, себебі жақсы құрам жасақтаған. Маусымаралық үзілісте команда Латвия чемпионы мен «Страсбургты» Франция біріншілігі финалына шығуға жетелеген америкалық орталық шабуылшы Насир Брукспен (213 см) келісімшарт жасасты. Самара қаласы командасы сапын толықтырған ойыншылардың бірі – түркиялық «Дарюшшафак» құрамындағы ойынымен танымал Брэндан Адамс, Денвер тумасы Ронни Харрелл (грекиялық «Арис»). Сондай-ақ, Самараға қосылғандар қатарында орталық ойыншы Илья Попов пен Андрей Сопин (екеуі де “Руна”), қорғаушы Иван Пынько (“Уралмаш”) және Глеб Голдырев (МБА) бар. Алайда Дражен Анзулович шәкірттерін кез келген қарсыласты оңай жеңеді деп айтуға ерте. Олар әзірге тек екі рет МБА мен “Енисейді” жеңді, ал плей-оффқа шығу үшін негізгі қарсыластарымен (“Уралмаш”, “Парма”, “Автодор”) ойында қиындықтар болды.
“Астана” үшін бұл ойынның маңызы өте жоғары. Біздің жігіттер тығыз күнтізбе мен төрт ойыншының (Майдекин, Айтқали, Щербак, Мурзагалиев) ұлттық құрама құрама сапына кеткеніне қарамастан, күрес жүргізуге дайын.

Кездесулер тарихы

Командалар жалпы өзара 9 кездесу өткізген, оның алтауында «Самара», үшеуінде «Астана» жеңіске жеткен. Астаналықтар соңғы рет 2024 жылдың 14 сәуірінде қарсыласынан басым түсті, ойын овертаймға дейін жалғасып, 94:92 есебімен аяқталған.

 Галин Смит, «Астана» БК орталық ойыншысы:

«Самара» - жоғары дайындықты талап ететін команда. Әсріесе, скаутинг тұрғысынан. Биыл команда құрамы жақсы жасақталған, сондықтан олардың тактикасын зерттеу керек. Олардың мықты тұсы – шабуылда допты алу, сондықтан матчтағы осы көрсеткішке дайын болу қажет».

 Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы
 
«Самарамен» матчқа Лигадағы кез келген қарсыласқа қалай дайындалсақ, дәл солай дайындық жүргізіп жатырмыз. Өз ойынымызға көп зейін қоюдамыз. Жақсы және сауатты баскетбол көрсетуге тырысамыз.
Негізгі құрамның төрт ойыншысының ұлттық құрама сапына шақырту алуы дайындық процесін күрделендіргені сөзсіз. Алайда команда ойында күрес жүргізуге әзір. Күнтізбе тығыз, өткен матчтарға көңіл-күйді түсіріп отырар уақыт жоқ»

Матч: Астана – Самара
Күні мен уақыты: 28 қараша, 20:00
Өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы
Трансляция: клуб сайтында
 
Команда сенің қолдауыңды күтеді! Билеттер Ticketon.kz сайтында.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»