Елордадағы жеңістер сериясы

23.12.2024, 14:00    Оқылғаны: 39
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Осы демалыста Қазақстан Ұлттық Лигасы аясындағы кезекті кездесулер сериясы өтті. «Асиаеа» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдады. Алаңға жарақатынан айыққан Григорий Мотовилов қайта оралды. Алғашқы матч нәтижелі өтті. Кездесу басында екі команда да шабуыл ұйымдастырды. Алайда екінші кезеңнен бастап ойын алаң иелерінің басымдығымен өтіп, «Астана»  18 ұпай айырмашылығымен есепте алға кетті. Матчтың екінші жартысы астаналық команда пайдасына шешілді. Біздің командамыз «Каспийді» ойсырата ұтті – 98:60. «Астана» сапынан капитан Рустам Мурзагалиев кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Оның еншісінде 21 ұпай, 4 рет допты алу мен 6 пас бар. Асқар Майдекин болса, алаңдағы жарқын сәттерімен ғана емес, нәтижелілігімен де көзге түсті. Ол дабл-дабл авторы атанды: 11 ұпай және 11 рет допты алу. Андрей Десятников қоржынында 4 блокшот бар.

Екінші матч командалардың шабуыл алмасуымен басталды. Екінші он минуттықта «Астана» ойын бағытын бұрып, бірнеше үшұпайлық соққы жасады. Елордалық ойыншылар 6 рет дәл соққы жасап, үлкен үзіліске көшбасшы рөлінде аттанды – 57:40. Алаң иелері жеңіске деген жігері кездесудің екінші жартысына да сақталды. Ойын соңында 87:71 есебі тіркеліп, Глеб Плотников шәкірттері қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді. Командамыз сапынан тағы да Рустам Мурзагалиев кездесудің үздік ойыншысы деп танылды – 14 ұпай, 5 рет допты алу және 6 пас. Оның ізін кеше ғана алаңға оралған Григорий Мотовилов жалғады. Оның есебінде 13 ұпай мен 8 пас бар.

Бұл «Астананың» биылғы жылдағы соңғы матчтары болған. Енді астаналық ұжым 7-8 қаңтарда «Irbis Alatau» командасын қабылдайды.

«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников пен команда капитаны Рустам Мурзагалиев екі кездесуге қорытынды жасады.

Глеб Плотников, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы:

           ⁃    Команданы екі жеңіспен құттықтаймын. Бірінші матчта соққыларды жүзеге асыру көрсеткіші жоғары болды, жалпы, қолымыздан көп нәрсе келді. Екінші ойын әрдайым қиынырақ өтеді, әсіресе жеңістен соң. Мүмкін, қарсыласты дұрыс бағаламаған болармыз және «Каспийдің» мотивациясы жоғары болды. Сондықтан екінші кездесу қиын өтті. Начну с того, что хочу поздравить команду с двумя победами. В первом матче показали хороший һ
             ⁃     Екінші ойында матчтың екі бөлігі екі түрлі болды. Алғашқы екі ширекте үшұпайлық соққылар көрсеткіші жоғары болды, ал ойынның екінші жартысында 16 мүмкіндіктің ішінен тек біреуін ғана жүзеге асыра алды. Мұндай жағдайларда допты ішкі жақтан соғатын адам керек. Кей сәттерде тапсырма орындалды, кей сәттерде керісінше. Бұл жағынан тұрақтылық көрсетуіміз керек.
          ⁃   Егер Симонов пен Сайрановқа тоқталар болсақ, олар кездесулерді жақсы өткізді. Қанағаттанамын. Әлі де көп жұмыс істеулері керек, алайда олардың бағыты дұрыс және жақсы бапкерлерден тәлім алуда.


Рустам Мурзагалиев, «Астана» БК шабуылдаушы қорғаушысы:  

         ⁃    Ең алдымен, Глеб Плотниковті бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Бұл біз үшін аса маңызды. Әрі қарай да осы қалпымыздан таймаймыз деп сенемін.
         ⁃     Бірніші ойынға өте жақсы дайындалдық, ал екінші матч әрдайым қиын өтеді. «Каспий» мінез көрсетті. Бұл – Ұлттық Лигадағы жақсы команда және оларға меснінбей қарауға болмайды. Бірінші ойын жақсы өтті, жылдамдығымыз жақсы болды, дәлдіктен де үздік шықтық. Ал екінші матчта «Каспий» қарқынын күшейтті. Сондықтан екі түрлі ойын болды.
          ⁃      Бапкер үшұпайлық соққыларды орындауда толық бостандық береді. Ашық болсаң, соққы жасайсың. Бапкердің бір ауыз сөзі маған да, жігіттерге де сенімділік береді. Үшұпайлық соққылардағы нәтиженің басты сыры осында.
            ⁃       Команда ретінде қорғаныста да, шабуылда да ойын ырғағын жасауға тырысамыз. Биыл матч көп: Ұлттық Лига бар, ВТБ Бірыңғай Лигасы бар. Екеуін қатар алып жүру қиын, алайда тырысып жатырмыз. «Каспийге» сәттілік тілеймін. Жақсы команда, жігіттердің көбін танимын. Біразы «Астанада» ойнады. Ойынға да, нәтижеге де көңілім толады. Осы қарқыннан танбайтынымызға сенімдімін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»