Қиын матч

13.01.2025, 12:00    Оқылғаны: 51
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Саратовқа сапарды «Астана» сынақтан бастады. Ойынның алғашқы минуты тең дәрежедегі күрестен үміт бергендей болған, алайда біраздан соң алаң иелері басымдықты өз қолдарына алды. Өз алаңында өзін сенімді сезінетін «Автодор» есепте жылдам алға шықты – 15:4. Алғашқы кезеңнің екінші жартысында астаналықтар Дэниэл Утомидің және Александр Оарзбеков пен Андрей Десятниковтің үйлесімді ойынының арқасында қарсыластың есепте тым алға озып кетпеуіне тосқауыл қоя білді. Дегенмен, кезең алаң иелерінің пайдасына шешілді – 31:13.

Екінші ширекте де ойын бейнесі өзгеріссіз қалды. «Автодор» Барайант Кроуфорд, Керем Кантер мен Александр Петеневтің арқасында басымдығын арттыра берді. Кездесудің алғашқы жартысының соңына қарай «Астана» өзі туралы еске салды: Дэниэл Утомидің (фолмен орындалған үш ұпайлық соққы), Григорий Мотовиловтің (үш ұпайлық соққы) және капитан Рустам Мурзагалиевтің (орталық алаңнан жасалған дәл соққы) нәтижелі әрекеттері ойынға жан бітірді. Сөйтіп, үлкен үзіліске командалар 57:29 есебімен аттанды. «Автодор» алда.

«Астана» есепте артта келе жатқанына қарамастан, күресті тоқтатқан жоқ. Глеб Плотников шәкірттері үшінші ширекте айтарлықтай нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, кезеңді 26 ұпаймен аяқтады (алдыңғы ширектерде 20 ұпай). Әсіресе сақина астында Андрей Десятников пен үш ұпайлық соққыларды сәтті орындаған Александр Оразбеков ерекше көзге түсті. Алайда «Автодор» кездесуді өз бақылауында ұстауды жалғастыра берді. Төртінші ширек алдындағы таблодағы көрсеткіш – 83:49. 

Қорытынды он минуттықты алаң иелері қателікпен бастап, оны «Астана» ұтымды қолдана білді және есеп айырмасын қысқартты. Алайда толыққанды камбэк орын алды деп айту қиын: «Автодор» матчта сенімді жеңіске қол жеткізді.

«Автодор» — «Астана»  106:64 (31:13, 26:16, 26:20, 23:15)

«Астана»: Аскар Майдекин (16 ұпай), Григорий Мотовилов (13 ұпай), Даниэл Утоми (8 ұпай), Андрей Десятников (8 ұпай + 6 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Ең алдымен «Автодорды» жеңісімен құттықтаймын. Бүгін олар бізден әлдеқайда жақсырақ ойнады. Өкінішке қарай, қорғаныста қарсыласқа күшіміз жетпеді. Біз көптеген көрсеткіштер бойынша қарсыласқа есе жіберуіміз мүмкін, алайда ынта жағынан ешкімнен кем түспйеміз. Бұл туралы ойыншыларыма да айттым. Алайда бүгін ынта-жігер жағынан жеңілдік. Оған қоса, Саратовтың әуежайы жабық болып, мұнда жетуіміздің өзі біраз қиындық тудырды. Самарадан Саратовқа дейін автобуспен келдік».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»