Жеңімпаз Астанада анықталады!

26.04.2025, 12:30    Оқылғаны: 30
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
27 сәуір мен 2 мамыр аралығында елорда 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Ұлттық Лиганың фарм командалары арасындағы шешуші VI тур ойындары Астанада өтіп, еліміздің ең мықты алты жастар командасының басын қосады.

Қазақстан чемпионы атағына биыл «Астана-Жастар», «Барсы Атырау-фарм», «Ақтөбе-фарм», «Ertis 2», «Алматинский Легион-М» және «Тобыл-фарм» командалары таласады.

Тұрақты чемпионат қорытындысында «Астана-Жастар» турнирлік кестеде бірінші орын алды, және «Барсы Атырау-фарм» командасымен бірге тікелей жартылай финал жолдамасына ие болды.
Плей-офф аясындағы алғашқы матчтарын «Астана» жастар командасы 29 сәуірде өткізеді. Командамыз ширек финал жұбында жеңіске жеткен командамен ойнайды. Шешуші матчтар 1 және 2 мамыр күндері өтеді.

Турнир матчтарының бәрі Kazakhstan Basketball Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жанкүйерлерді Академия залында командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»