«Астана» жаңа маусымда FIBA WASL West Asia League-те өнер көрсетеді

18.09.2025, 15:00    Оқылғаны: 13
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Оның қорытындысында «Астана» КБК маусымды West Asia League дивизионында өткізеді, ал қазақстандық клубтың қарсыластары:
- Al Riyadi Beirut (Ливан),
- ⁠Al Difaa Al Jawi SC (Ирак),
- ⁠Al Wahda SC (Сирия),
- ⁠Sagesse SC (Ливан),
- ⁠Shardari Gorgan (Иран) командалары болады.

Чемпионат 13 қазанда басталып, 2026 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланған. 

Топтық кезең қорытындысында FIBA WASL Final 8 қатысушылары анықталады. Плей-офф командалардың бірі екі жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасатын жартылай финал мен шешуші кезеңнен тұрады. 3-4 орын алған командалар FIBA Парсы лигасы өкіліне қарсы матч өткізу арқылы сегіздік финал жолдамасына ие бола алады. 

«Астана» үшін турнирге қатысу халықаралық маусым аясында маңызды рөл ойнап, клубтың FIBA алаңында Қазақстан баскетболының әлеуетін көрсетуіне мүмкіндік береді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»