«Шабыттандыратын ойын: «Астана» балалар үйі тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын өткізді»

30.12.2025, 18:00    Оқылғаны: 26
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
29 желтоқсанда «Астана» баскетбол клубы Ақмола облысы білім басқармасының «Арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілеріне әлеуметтік акция ұйымдастырып, балалар спортын қолдау мен дамыту дәстүріне өз үлесін қосты.

Әлеуметтік акция «Астана» кәсіпқой баскетбол клубының серіктесі — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бірлесіп өткізілді.

Іс-шараға «Астана» командасы бас бапкерінің көмекшісі Антон Пономарев, жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы Владимир Кучеренко, негізгі құрам ойыншылары Әлижан Ыдырысжан, Вадим Щербак пен Руслан Айтқали, сондай-ақ «Астана-Жастар» баскетболшылары Роман Байболов, Арсен Талғатов пен Илья Пестов қатысты.

Шара аясында клуб мүшелері балаларға арнап жаттығу өткізіп, жалпы дене дайындығына арналған негізгі жаттығуларыд көрсетті. Бапкерлер мен ойыншылар баскетбол техникасының маңызды элементтеріне назар аударып, әр баланың жеке қабілетін жақсартуға және ойынды жақсырақ түсінуіне көмектесті. Шеберлік сағаты интерактивті форматта өтіп, диалог құрылды.

Шара соңында балалар кәсіби баскетболшылармен бірге жолдастық кездесу ойнауға мүмкіндік алды. Ойыннан кейін акция қатысушылары балалармен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында «Астана» кәсіпқой баскетбол клубы балаларға спорттық құрал-жабдықтар мен сыйлықтар табыстады. Аталған сыйлықтар осы әлеуметтік бастамаға қолдау білдірген Copa.kz дүкені тарапынан ұсынылды.



Илья Пестов, «Астана-Жастар» шабуылшысы:

-Балалардың шынайы эмоциялары — олардың қуанышы мен күлкісін көру жағымды әсер сыйлады. Балалар үшін Жаңа жыл алдында керемет сыйлық болды деп ойлаймын. Келер жылы балаларға жақсы әсер сыйлайтын және олардың спортпен айналысуна көмектесе алатын кездесулер көп болады деп сенемін. 

Владимир Моисеенко, орталық тәрбиеленушісі:

-Маған шеберлік сағаты ұнады, баскетболдағы негізгі жаттығуларды үйрендік. Жаттықтырушы Владимир баскетболшылардың ойын алдында жасайтын міндетті дене қыздыру жаттығуларын көрсетті. Маған қорғаныста ойнаған көбірек ұнады. Бізге допты дұрыс лақтыруды, қорғаныста қалай ойнау керектігін көрсетті. Маған бәрі өте қатты ұнады, көп рақмет!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»