«Астана» — «Болашақ ойындары – 2025» қола жүлдегері!

25.12.2025, 15:30    Оқылғаны: 26
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
БАӘ астанасында спортты, цифрлық технологияларды және инновациялық шешімдерді бір алаңда тоғыстырған «The Games of the Future Abu Dhabi 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған жарыстың шешуші күні турнирдің шарықтау шегі болып, эстафета жарыстың келесі қабылдаушы елі — Қазақстанға ресми түрде табысталды. Қазақстан «Болашақ ойындарын» 2026 жылы Астана қаласында қабылдайды.

Жарысқа цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін спорттың жаңа форматында бақ сынаған әртүрлі елдерден 16 команда қатысты. Турнир фиджитал бағытына маманданған ең мықты ұжымдарды жинап, жоғары деңгейдегі тартысты бәсекеде өтті.



Үшінші орын үшін өткен матчта «Астана» қарсыласын сенімді түрде жеңіп, турнирді жүлделі орынмен аяқтады. Қола жүлделер клуб үшін маңызды нәтиже болып, команданың инновациялық спорттық дисциплинадағы жоғары дайындығын растады. «Астана» құрамында Руслан Айтқали (капитан), Сардал Абашидзе, Әсет Амангелдинов және Руслан Власов өнер көрсетті.

«Болашақ ойындары – 2025» турниріндегі табысты нәтиже Қазақстанда фиджитал-баскетболдың дамуына елеулі үлес қосып, «Астананың» халықаралық аренадағы беделін нығайта түсті.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»