Владимир Иванов — «Астана» ойыншысы!

11.06.2026, 17:30    Оқылғаны: 154
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
30 жастағы Владимир — отандық баскетболдың тәжірибелі ойыншыларының бірі. Ақмола облысының тумасы мансабында «Тобыл», «Оқжетпес», «Барсы Атырау», «Университет-Югра» және «Каспий» сапында өнер көрсеткен, сондай-ақ бірнеше мәрте Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бойы 208 см орталық ойыншы сақина астында сапалы ойын өрнегін көрсетеді әрі оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мол. 

Өткен маусымда Иванов ақтаулық «Каспий» құрамында өнер көрсетіп, команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Қазақстанның Ұлттық Лигасында ол әр матчта орта есеппен 15.8 ұпай олжалап, 11.0 рет допты алып, 3.4 пас берген және 1.1 блок-шот жасаған. Маусымның барлық турнирлерінің қорытындысы бойынша Владимир әр ойында орта есеппен 15.7 ұпай еншілеп, 11.4 рет допты алған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»