Жигулин елордалық клуб жанкүйерлеріне жақсы таныс — ол бұған дейін де «Астана» сапында өнер көрсеткен, ал 2025/26 маусымы қарсаңында командаға қайта оралып, құрамдағы ең тәжірибелі ойыншылардың біріне айналды.
2025/26 маусымында орталық ойыншы Қазақстан Ұлттық лигасында 42 матч өткізіп, әр ойында орта есеппен 8,5 ұпай еншілеп, 4.2 рет допты алып, 1,5 нәтижелі пас беріп, тиімділік көрсеткіші бойынша 9,8 ұпай жинады.
Сондай-ақ Александр FIBA Батыс Азия Суперлигасында (WASL) «Астана» намысын қорғап, бір матчта орта есеппен 9,4 ұпай және 5,0 рет доп қағып алу көрсеткішін тіркеді.
Александрмен ынтымақтастығымызды жалғастырып жатқанымызға қуаныштымыз және оған алдағы маусымда табыс пен «Астана» сапында жаңа жеңістер тілейміз!