«Астана» әлеуметтік акцияға қатысты

08.07.2026, 16:00    Оқылғаны: 70
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы «Арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылған әлеуметтік акцияға қатысты.

Әлеуметтік акция «Астана» КБК бас серіктесі — «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Астана» серіктесі — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бірге өткізілді.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Антон Пономарев, команда капитаны Рустам Мурзагалиев пен Асқар Майдекин балалар үйлері командалары қатысатын баскетбол турнирі — «Халық лигасы» финалдық ойындарына қатысты.

«Астана» өкілдері жас баскетболшыларға қолдау көрсетіп, шешуші матчтардағы эмоцияларын бөлісіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты. Жарыс қорытындысында «Арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ командасы ұлдар арасында да, қыздар арасында да бірінші орын алды.

Турнир аяқталғаннан кейін «Астана» бапкерлер штабы мен ойыншылары жеңімпаздарды құттықтап, медальдар, кубок пен естелік сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар, балалар үйі тәрбиеленушілеріне арнап әзірлеген сыйлықтарын сыйлады. 

Мұндай кездесулер клубтың әлеуметтік қызметінің маңызды бөлігі. «Астана» балалар спортын дамыту, баскетбол танымалдығын арттыру мен жас спортшылардың есінде қалатын жарқын сәттерді жасау бастамаларын әр кез қолдайды. 

Антон Пономарев, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы: 

«Шара мұндай ауқымда өтеді деп ойлаған жоқпын, баскетболды шын жақсы көретін бала өте көп. Еліміздің әр облысынан дерлік ұлдар мен қыздардан жасақталған командалар келген. Олардың әрқайсысы үшін турнирге қатысудың өзі үлкен оқиға және жарыс оларға ұмытылмас эмоция сыйлады. 
Мұндай сәттер адам есінде өмірінің соңына дейін сақталады. Бір кездері мені де өзімнен жасы үлкен баскетболшылар марапаттаған, мойныма медаль тағып, сый алғанда менің де қуанышымда шек болмайтын. Арада жылдар өтті, енді міне жас спортшыларға жүлде табыстайтын мүмкіндікке мен де ие болдым. 
Ең бастысы — балалардың көзінде от бар. Олар баскетбол ойнағылары келеді, осы ойынды жақсы көреді, мұндай турнирлер оларды алға жетелеп, дамуларына шабыт береді».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»