«Астана» орталық ойыншы Асқар Майдекинмен келісімшартты үзгенін хабарлайды.
Асқар команда құрамын 2018/2019 жылдар маусымында толықтырып, осы уақыт аралығында жарқын ойын өрнегін көрсетіп, клуб тарихының маңызды бөлшегіне айнала білді.
«Астана» сапында өнер көрсеткен кезінде Асқар командамен бірге чемпион атанып, Қазақстан Кубогя иегері атанды, халықаралық аренада клуб намысын қорғап, нәтижеге айрықшы үлесін қосты.
Алдағы мансабыңызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ