Азамат Қабдылкаримов «Астана» баскетбол клубының бас директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.

11.09.2026, 19:00    Оқылғаны: 124
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кәсіби қызметін 2007 жылы «Тигры Астаны» командасының команда басшысы қызметінен бастады. Кейін Маңғыстау облысының баскетбол федерациясында және «Каспий» баскетбол клубында басшылық қызметтер атқарды.

2011 жылдан бастап Азамат Қабдылкаримов «Astana Tigers» клубының спорт директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен клубтың ерлер командасы Қазақстанның Жоғары лигасында екі рет чемпион атанды. Ал әйелдер командасы ел чемпионатында төрт мәрте топ жарды.

2017-2021 жылдар аралығында Jr. NBA Kazakhstan жобасының жетекшісі қызметін атқарып, Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамаларының менеджері болды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы 3х3 баскетболдан ұлттық құрамасы Азия кубогында күміс жүлдеге ие болды.

2023 жылдан бастап «SANA sport» отбасылық спорт орталығында спорт директоры қызметін атқарды.

«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ