ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
09.03.2023, 20:00 Бс
Арена: Жекпе-жек сарайы (Астана)
73:80
Негізгі уақыт
14:15 18:20 22:22 19:23
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 758
Автодор
Саратов

«Автодорға» жол бердік

09.03.2023, 22:00    Просмотров: 537
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 73:80 есебімен «Автодорға» жол берді. 

Матчтар біркелкі өткенімен, төртінші кезеңде қонақтар жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Бұл ойындағы «Астананың» көшбасшылары — Валерий Лиходей (18 ұпай, 6 рет допқа жету), Маркелл Джонсон (18 ұпай, 5 рет допқа жету) және Кваме Вон (11 ұпай) болды. «Автодор» сапында Малик Ньюмен мен Брэндон Гаррет (әрқайсысы 18 ұпайдан) ерекшеленді.

Жаңа аренада мүлдем басқа атмосфера сезілді: жанкүйерлер алаң иелерін қолдады, ал үлкен үзілісте итальяндық музыкант Сон Паскаль көрермендермен бірге өзінің «Zhanym Sol» хитін шырқады.

Айта кетейік, «Автодор» Қазақстанда биылғы маусымда алғаш рет жеңіске жетті.
 

«Менің командамды жеңісімен құттықтағым келеді. Біз Астанада оңай болмайтынын білдік, олар қазір жақсы баскетбол ойнап, өткен матчта «Парма-Париден» бір ұпай айырмашылығымен ұтылды. Ойын тең болды, «Астана» бізден сәл жақсы ойнады, бірақ соңғы ширекте біз ойынды көбірек бақыладық, қорғаныста сауатты ойнадық және біз «Астананың» жылдам шабуылдарын тоқтаттық», — деді «Автодордың» бас бапкері Бранислав Вичентич ойыннан кейін.

Келесі матчты «Астана» 13 наурызда «Самараға» қарсы өткізеді. Бұл кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. ВТБ Бірыңғай лигасының осы ойыны Олег Киселев командасының соңғы үй матчы болмақ. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013