«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойынын Екатеринбургте өткізді.
«Уралмашпен» ойын тартысқа толы болды. Командалар матч бойы тең деңгейде өнер көрсетіп, кездесу жеңімпазы ойын соңында ғана анықталды, 74:71 – алаң иелерінің пайдасына. «Астанада» ойынды овертаймға ұластыруға мүмкіндік болған, алайда Карвел Андерсонның соңғы үш ұпайлық соққысы діттеген жеріне жетпеді.
«Астана» сапынан Карвел Андерсон (21 ұпай), Дэвин Дэвис (15 ұпай, 9 допты алу) пен Ройс Хэмм (15 ұпай, 9 допты алу) кездесудің үздік ойыншылары деп танылды.
«Алдымен команданы жеңіспен құттықтаймын. Қазір әр жеңістің құны – плей-офф. Ойын сапасына келер болсақ, жұмыс істеуіміз керек және жақсартуды талап ететін бірқатар тұстар бар. Ойыншылар мінез көрсетті, олардың қала мен клуб намысы үшін ойнайтыны ұнайды. Менің пікірімше, «Астана» ең жақсы жаттықтырушысы бар командалардың бірі, ротация жетіспеуі мүмкін, алайда баскетбол сапасы жағынан – өте мықты қарсылас. «Астана», «ПАРМА» сынды командалармен матчта жақсы өнер көрсете алатынымызға қуаныштымын», — деді матчтан кейін «Уралмаш» бас бапкері Ростислав Вергун.
«Астана» келесі ойынды 20 қаңтар күні өз алаңында өткізеді, қарсылас – МБА командасы.