ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
05.01.2025, 15:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
55:99
Негізгі уақыт
9:22 12:31 14:24 20:22
Ойын нөмірі:
Көрермен: 634
ЦСКА (МСК)
Мәскеу

Астана – ЦСКА матчының аңдатпасы

04.01.2025, 18:00    Просмотров: 87
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Жаңа жылды турнир көшбасшысы  — мәскеулік ЦСКА-ға қарсы матчпен бастаймыз. Лига үздігімен ойыннан не күтеміз? Толығырақ мақалада.

«Астана» мен ЦСКА арасындағы соңғы ойыннан бері (2024 жылдың 16 қарашасы), мәскеулік команда 6 жеңіске қол жеткізіп, екі рет жеңіліс тапты. Ресейдің бас қаласының командасын тек «Зенит» тоқтатты – Хави Паскуаль шәкірттері ЦСКА-ны желтоқсанда 82:78 есебімен жеңді. Мұндай жетістікке «Локомотив-Кубань» да қол жеткізді – краснодарлықтар 69:65 есебін тіркеді. Қыста мәскеуліктер «Автодорды» (65:112), «Самараны» (63:93, 97:77) және «Енисейді» (100:78), «Парманы» (110:91) жеңді.

Көшбасшы команда ма, әлде ойыншылардың көптігінің әсері ме?

Өткен ойынның аңдатпасында жазғанымыздай, мәскеулік команданың бас бапкері Андреас Пистолисте құраммен мәселе жоқ. Алекса Аврамович (орат есеппен 14.1 ұпай), Мело Тримбл (13.5), Тони Джекири (10.5) ұпай бойынша көш бастап келеді. Иван Ухов Саратовтың «Автодорына» қарсы матчта айтарлықтай нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, 20 ұпай олжалады, үш ұпайлық соққы жасауда үздік болды (6/7) және тиімділігі үшін өз есебіне 24 ұпай жазып, Лиганың үздік бестігі қатарына кіре алды (23-26 желтоқсан).

Егер ЦСКА көшбасшылары ойынға қатыса алмайтын болса, оларды алмастыра алатын баскетболшылар бар. Осылай «Астанамен» өткен бұған дейінгі матчта Руслан Абдулбасиров 15 ұпай, Антон Астапкович 16 ұпай және Владимир Карпенко 10 ұпай олжалады. Үшіншісінің еншісінде тағы 6 пас бар.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаттары аясында командалар өзара 30 кездесу өткізіп, олардың бәрінде мәскеулік ұжым жеңіске жеткен. Барлық ойынның ішінде астаналықтар 2019 жылдың 15 желтоқсанында өткен матчта жеңіске бір табан жақын болған, ол кезде ойын 104:91 есебімен ЦСКА пайдасына аяқталды.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

 «Алдағы матчта өз алдымызға қойған мақсатымыз үшін жұмыс істейміз. Алда тығыз күнтізбе күтіп тұр, 8 күнде 4 матч өткіземіз. Мәскеулік командамен күрес жүргізу үшін бар күшімізді саламыз».

Владислав Исаенко, «Астана» БК шабуылшысы:

«Осы жексенбіде Лига көшбасшысы – ЦСКА-мен матч күтіп тұр. Қарсылас әрі мықты, әрі тәжірибелі. Біз белсенді дайындық жүргізіп жатырмыз, қарсыластың ойынын талдаудамыз. Команда демалыстан оралды, дайындық жоғары деңгейде. Күрес көрсетіп, жақсы ойын өрнегін көрсетугі талпынамыз!»

Матч: «Астана» — ЦСКА
Күні мен уақыты: 5 қаңтар, 15:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында

Чемпиона көшбасшысына қарсы тұра алмадық

05.01.2025, 19:00    Просмотров: 194
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы көшбасшы командасы – ЦСКА алғашқы минуттардан бастап ойынды өз бақылауына алды. Мұндай мықты қарсыластан басқа ойын өрнегін күту мүмкін де емес, алайда доп матчқа қосылған кезде оны біздің орталық ойыншымыз Андрей Десятников жеңіп алды. Өкінішке қарай, командамыз үшін ойын қиын басталды: астаналықтар ұзақ уақыт бойы нәтижелі соққы жасай алмады (0:14), бұл сәтсіздікті Дэниэл Утоми оырндаған айып соққысының көмегімен ғана тоқтата алдық. Одан соң ол бірден екі үшұпайлық соққы жасады, ал Андрей Десятниковтің данкі командаға эмоциналды тұрғыдан дем берді. Алайда бірінші ширек қарсылас пайдасына шешілді – 9:22.

Екінші ширекте Глеб Плотников шәкірттері есептегі 13 ұпайлық айырмашылықты қысқартқысы келгенімен, қарсылас оны ұлғайта түсті. Орталық ойыншылар матчтың бағытына біраз өзгеріс енгізе білді. Андрей Десятников керемет блок-шоттар жасаса, Асқар Майдекин Григорий Мотовиловтің пастарын қағып алды. Мотовилов болса, өз кезегінде айып соққыларын дәл орындады. Осының бәрінің арқасында командамыз мықты қарсыласпен матчта ойын ырғағына ілесе білді. Дегенмен, қателіктер (13:5 – қарсылас пайдасына) мен Алекса Аврамовичтің орталық алаңнан жасаған дәл соққыларының арқасында мәскеуліктер үзіліске айқын басымдықпен аттанды – 53:21.

Ойынның үшінші бөлігінде ЦСКА есеп айырмасын одан сайын ұлғайта түсті. «Астана» қорғаныста мәселелермен бетпе-бет келгенімен, команда берілген жоқ. Қорғаныстағы мықты ойын мен Григорий Мотовиловтың бірнеше нәтижелі шабуылының арқасында команда матчқа қойған мақсатынан тайған жоқ. Алайда үшінші ширектің соңына таман мәскеуліктер 42 ұпаймен алда болды – 77:35.

Қорытынды он минуттықта «Астана» өте жақсы өнер көрсетті. Команда капитаны Рустам Мурзагалиев сенімді шабуылдар ұйымдастырса, Оразбеков орталық алаңнан жақсы шабуылдар жасады. Андрей Десятников сақина астындағы басымдығын жалғастырып, қарсыласқа тосқауыл болды. Команда мінез көрсетіп, ойында 55:99 есебімен аяқтады. ЦСКА – жеңімпаз. Қорытынды есепке қарамастан, «Астана» ойыншыларының соңына дейін күресуге деген ынтасын ерекше атап өту керек.

 «Астана» — ЦСКА 55:99 (9:22, 12:31, 14:24, 20:22)

«Астана»: Григорий Мотовилов (15 ұпай, 4 пас),Дэниэл Утоми (10 ұпай), Аскар Майдекин (7 ұпай)

Глеб Плотников, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— «Алдымен Антон Астапковичке денсаулық тілеймін. Кәсіби спорт болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Әрине, әдеттегіден аз болса деп тілейсің. Екіншіден, тағы да ойында 29 қателік, бар болғаны – 9 пас. Бұл өте аз… Пас арқылы ойнауға тырысу керек, командалық ойын өрнегін көрсету қажет. Тағы да ойынның екі бөлігінде екі түрлі матч көрсеттік. Әсіресе, төртінші ширекте жігіттер допты жақсы қозғалтты, ашық соққылар жасады және олар нәтижелі болды. Бірақ, ойыншылар жекелей ойын өрнегін көрсетуі жөн емес, мұндай баскетбол қызықсыз әрі тиімсіз».

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1923 Клубтық түстері: қызыл, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСК ЦСКА
Қала: Мәскеу Сайт: www.cskabasket.com

Сипаттамасы

ЦСКА – Ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2019
  • КСРО Кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982
  • Ресей Кубогының жеңімпазы – 2005-2007
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971
  • Еуролига чемпионы − 2005/06, 2007/08, 2015/16 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012-2018/19, 2020/21
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/2011, 2021/2022
  • Нева Кубогының жеңімпазы — 2020
  • А. Я. Гомельский Кубогының жеңімпазы - 2020