ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
08.03.2025, 14:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
66:106
Негізгі уақыт
21:29 20:27 14:23 11:27
Ойын нөмірі:
Көрермен: 237
Уралмаш
Екатеринбург

Аңдатпа «Астана» — «Уралмаш»

07.03.2025, 11:00    Просмотров: 52
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бесінші команда

Биылғы маусымда «Уралмаш» Лиганың ортанқол командасы атағына таласып жатыр және Ростислав Вергун шәкірттері турнирлік кестеде ортаңғы орындарда келеді. Команда ақпандағы үзілістен кейін бірден ойынға бірден бейімделіп, «Локомотив-Кубаньді» 81:79 есебімен жеңді, алайда 3 күннен соң ЦСКА-дан ірі есеппен жеңіліс тапты – 109:65. Бүгінде «Уралмаш» турнирлік кестедегі бесінші орын үшін талас жүргізіп жатыр (18 жеңіс, 16 жеңіліс). Команданың турнирлік кестедегі жағдайын жақсартатын мүмкіндігі бар. Сондықтан қарсыласқа лайықты бағасын беріп, жақсылап дайындалу қажет.

Екатеринбургтік ұжымның құрамына жарақаттарынан айыққан Джеремайя Мартин мен Октавиус Эллис қайта қосылды. «Самарадан» келген Хэйден Далтон команданың көшбасшы ойыншыларының біріне айналды. «Локомотивпен» кездесуде ол өз командасына 22 ұпай алып берді және 6 рет допты алды.  Сондай-ақ, +26 тиімділік көрсеткішін көрсетіп, ВТБ Бірыңғай Лигасы аптасының үздік бестігіне кірді. Осы кездесуде Джавонте Даглас та нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – 17 ұпай, 9 рет допты алу. Ақпанда екатеринбургтік команда сапын толықтырған баскетболшылардың бірі – орталық ойыншы Илья Попов. «Самарадан» ауысып келген ойыншының осы маусымдағы көрсеткіші – 11.9 ұпай және 5.7. рет допты алу. 

 «Уралмаш» құрамындағы өзгерістер туралы бұған дейінгі аңдатпаларымыздан да оқуға болады.
https://pbcastana.kz/ru/news/?id=5798

Қатарға қайта қосылды

Ти Джей Старкс жарақатынан толық айығып, қатарға қайта қослыды және екі матч өткізіп үлгерді. Баскетболшы «Зенитпен» матчта алаңға шығып, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ал «Пари НН» командасына қарсы өткізген өз алаңымыздағы матчта кездесудің қаһарманы атанды. Старкс алаңға қайта бейімделіп келеді, одан «Уралмашпен» матчта жарқын ойын өрнегін күтеміз.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 7 рет кездескен, оның алтауында «Уралмаш» жеңіске жеткен. «Астана» бір ғана ойынды 80:72 есебімен өз пайдасына шешкен. Бұл нәтиже командалардың өткен маусымдағы алғашқы өзара кездесуінде тіркелді.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Уралмаш – құрамы жақсы жасақталған команда. Олардың мәскеулік командамен өткізген соңғы кездесуі ұжымның шынайы мүмкіндіктерін көрсетпейді. Соңғы уақытта біз жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрміз. Алдағы матчта аз қателесіп, ойынға құрған жоспарды орындауымыз керек. Барлық жанкүйерді матчқа шақырамын, бізге сіздердің қолдауларыңыз керек».

Матч: «Астана» — «Уралмаш»
Күні мен уақыты: 8 наурыз, 14:00 
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында

Қиын ойын

10.03.2025, 15:30    Просмотров: 169
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Алғашқы ширек «Уралмаштың» толық басымдығымен өтті. Хэйден Далтонның бірнеше үш ұпайлық дәл соққылары, Пыньконың жылдам шабуылдары мен Октавиус Эллистің сенімді ойыны екатеринбургтік ұжымның 18:7 есебімен көш бастауына мүмкіндік берді. Алайда «Астана» бапкерлерінің алған тайм-аутының арқасында алаң иелері ойынға қайта оралды. Мағжан Сәрсенғалиев екі рет үш ұпайлық соққы жасаса, Утоми де шабуылдағы қарқынды күшейте түсті. Осылайша, есеп айырмасы 3 ұпайға дейін қысқарды. Алайда бұл есепті сақтап қалу мүмкін болған жоқ, қарсылас алыс қашықтықтан сәтті шабуыл жасады (5/7 «Уралмаш» — 3/8 «Астана»). Бірінші ширектен кейінгі таблодағы көрсеткіш – 21:29.

Ойынның екінші бөлігінің басын тағы да «Уралмаш» өз есебіне жазды – 3:11. Екі ұжым да жылдам шабуылды қолданды, дегенмен дәлдік жағынан екатеринбургтік ұжым мықтырақ болды. Осы тұста бірнеше минут ішінде 7 ұпай еншілеген Данила Походяев жарқын ойын өрнегімен көзге түсті. Ти Джей Старкс пен Галин Смит жоғары деңгейдегі өзара түсіністікті көрсетсе, Владислав Исаенко алыстан жасаған дәл соққысымен ширекті қорытындылады – 41:56.

Үзілістен кейін де ойынның жоғары қарқыны сақталды. Екі команда да ұпай еншілеудің оңай жолын таба білді: «Астана» сапынан Старкс үш ұпайлық соққылармен көзге түссе, Утоми шабуылдардың нүктесін қойды. Бірақ, есеп айырмасын қысқарту алаң иелері үшін қиынға соқты – 55:79.

Командамыз үшін ойындағы ең қиын ширек матчтың төртінші кезеңі болды. «Уралмаш» қысым көрсетуін жалғастырып, 2:15 есебімен алға шықты. Рустам Мурзагалиев, Григорий Мотовилов пен Александр Оразбековтің құрамда болмағанын есепке алғанда, жігіттеріміздің бойынан шаршаңқылық байқалды, энергия жетіспеді. Дегенмен, Мағжан Сәрсенғалиев дамуын жалғастырып келеді. ВТБ Бірыңғай Лигасы дебюттік маусымын өткізіп жатқан баскетболшы сенімді ойын өрнегін көрсетіп жүр.

 «Астана» – «Уралмаш» 66:106 (21:29, 20:27, 14:23, 11:27) 

«Астана»: Дэниэл Утоми (18 ұпай), Ти Джей Старкс (13 ұпай, 7 пас), Мағжан Сәрсенғалиев (9 ұпай), Асқар Майдекин (7 ұпай), Данила Походяев (7 ұпай).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— «Уралмашты» жеңісімен құттықтаймын! Бүгін олар ойын бойы басымдыққа көрсетті. Бұған статистика, әсіресе дәл соққылардың пайыздық көрсеткіші дәлел. Өкінішке қарай, бүгін тағы да команда құрам жағынан қиындықтарға тап болды. Григорий Мотовилов жаттығулардың бірінде жарақат алып қалды әрі бүгін оның құрамдағы орны ойсырап тұрды. Сондықтан бұл позицияда тек бір ойыншы Мағжан Сәрсенғалиевпен ойнауға мәжбүрміз. Ал ол – екінші команданың ойыншысы. Оған негізгі құрам ойыншысы ретінде есеп жасау қиын. Бүгін «Уралмашқа» қарағанда әлсіз болдық. Күшіміз жетпеді.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: жасыл, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Уралочка» спорт сарайы
Қала: Екатеринбург Сайт: https://bcuralmash.ru

Сипаттамасы