ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
ПАРМА
Пермь
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
11.03.2025, 19:30 Сс
Арена: ӘСС «Молот» (Пермь)
106:73
Негізгі уақыт
21:18 21:11 32:24 32:20
Ойын нөмірі:
Көрермен: 3660
Астана
Астана

Аңдатпа: «Парма» — «Астана»

10.03.2025, 16:00    Просмотров: 354
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Үздік сегіздік қатарындағы команда

Бүгінде «Парма» турнирлік кестенің 7-8-орнын «Автодормен» бөлісіп тұр. Қос ұжым да 14 ойында жеңіске жетіп, 21 матчта жеңіліс тапқан. 9-орындағы МБА-МАИ екі командаға да сәл есе жіберіп тұр – 13-22. Ақпан айындағы үзілістен кейін Евгений Пашутин шәкірттері 3 ойын өткізіп, «Пари НН» командасынан 88:81 есебімен ұтылып, «Автодорды» жеңді (79:79) және қазандық «УНИКС-ке» 89:71 есебімен есе жіберді.

«Парма» да кадрлық өзгеріске ұшырады. Команда сапын күтпеген жерден Стэнли Уиттакер толықтырды. Ол бұған дейін «Уралмаш» сапында ойнап, әр матчта орта есеппен 13.3 ұпай мен 3.9 пасты өз есебіне жазып жүрген. Ал «Пари НН» командасымен кездесуде ол тіптен нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – 27 ұпай мен 8 пас. Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын «Парманың» Алекс Хэмилтонмен (11.9 ұпай, 4.1 пас) келісімшартты үзгені туралы ақпарат шықты. Бұған Уиттакердің команда құрамына қосылуы және Хэмилтонның ойындағы рөлін әрі қарай Стэнли атқаратыны сеп болды деп жазылып жатыр. Дегенмен, Хэмилтонға Лигадағы сұраныс жоғары. Араға ұзақ уақыт салмай Стэнлидің маусым соңына дейін «Пари Нижний Новгород» командасымен келісімшартқа қол қойғаны белгілі болды.

Қарсылас туралы тағы бірер ақпарат:

* ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздар матчы кезінде «Парма» туралы көп айтылды. Команда ойыншысы Гарретт Невелс үш ұпайлық соққыларды орындау кезінде қарсылас шақ келтірмесе, жас ойыншы Лев Свинин данк жарысында бақ сынады.
* «Автодормен» ойында Евгений Пашутин «Парманың» бас бапкері ретіндегі 50-жеңісіне қол жеткізді.
* «Чемпионат» басылымы «Парма» ойыншысы Егор Амосовты биылғы маусымның үздік жас баскетболшыларының тізіміне енгізді. Ол бұл рейтингте Данил Шеяновтан (Локомотив-Кубань) кейін 10-орын алды. Соңғы уақытта Егор «УНИКС», «Зенит» сияқты командалармен матчтарда көп ойын уақытын ала бастады.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара  19 рет кездескен. 7 матчта «Астана» жеңіске жетсе, 12 ойын «Парманың» пайдасына шешілген. Соңғы рет астаналық команда «Парманы» 2022 жылдың 13 қазанында 84:72 есебімен жеңген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Парма – өз ойынымен чемпионаттың көшбасшы командаларына да қиындық туғызатына ұжым. Ал бізге ойын жоспарын жүзеге асыруда тұрақтылық танытып, бір-біріміз үшін барымызды салып ойнауымыз керек.

Матч: «Парма» — «Астана»
Күні мен уақыты: 11 наурыз, 19:30
Өтетін орны: Пермь, «Молот» СС.
Трансляция: клуб сайтында

Қиын матч

12.03.2025, 12:00    Просмотров: 160
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ командалар жоғары қарқындағы ойын өрнегін көрсетті және бір деңгейде ойнады. Біздің ойыншыларымыз – Ти Джей Старкс пен Данила Походяев үш ұпайлық соққы алаңынан сенімді шабуыл жасаса, Андрей Десятников допты алуда сенімді ойын өрнегін көрсетті. Бірінші кезеңнен кейінгі есеп – 21:18, алаң иелері үш қана ұпйа айырмашылығымен алда. 

Екінші он минуттықта екі командада шабуылда бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келіп, кезеңнің басы нәтижелі болған жоқ (5-5). Алайда әрі қарай қарсылас өз ойынны тауып, үш ұпайлық соққыларды орындай бастады. Командалар үлкен үзіліске 42:29 есебімен аттанды – «Парма» алда.

Ойынның үшінші бөлігі матчтағы ең нәтижелі ширек болды (32:24). «Астана» кезеңді Александр Оразбековтің үш ұпайлық соққысымен және Ти Джей Старкстің жылдам шабуылымен бастады. Алайда бұған қарсылас жылдам жауап қатып, есептегі айырманы ұлғайта түсті. Дегенмен, «Астана» берілген жоқ. Старкс қарсыластарын алдап өтіп, ұпай еншіледі және әріптестеріне пас та берді. Әйтсе де, алаң иелерінің шабуылын тоқтату қиынға соқты.

Матчтың қорытынды бөлігінде «Парма» көшбасшылығын сақтап қалды, ал «Астана» болса соңғы секундтарға дейін күресіп, мінез көрсетті. Сардал Абашидзе, Вадим Щербак пен Владислав Исаенко маңызды ұпайлар еншілеп, команда нәтижесіне өз үлестерін қосты.

Тағы да қоса кетер ақпарат:

·        Бүгін Дэниэл Утоми айып соққыларының бәрін орындап, 100% нәтиже көрсетті – 8/8 және ол қатарынан 16-ойында үш ұпайлық соққыны есебіне жазды.

·        Командамыз шаубылдағы допты алу бойынша клуб рекордын жаңартты (23).

 «Парма» — «Астана» – 106:73 (21:18, 21:11, 32:24, 32:20)

Астана: Дэниэл Утоми (19 ұпай), Ти Джей Старкс (17 ұпай + 6 пас) Данила Походяев (10 ұпай + 8 рет допты алу), Галин Смит (10 ұпйа + 7 рет допты алу)

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— «Парманы» жеңісімен құттықтаймын, бүгін олар соққыларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша тамаша нәтиже көрсетті. Ойынның бірінші жартысында команда жақсы ойнады деуге болады. Өкінішке қарай, екінші ширекте сақина астынан жасалатын көптеген соққыларды жүзеге асыра алмадық, Парма осы үшін бізді бірден жазалады. Команда ойын қарқынын сезінді, әрі қарай қарсыласты тоқтату қиынға соқты. Қорғаныстағы кез келген қателігіміз үшін қарсылас жазалап отырды».  

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021