Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Каспий
Ақтау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
03.12.2025, 19:00 Ср
Арена: Халық Арена (Ақтау)
63:75
Негізгі уақыт
18:14 18:17 11:28 16:16
Ойын нөмірі: 28
Көрермен: 0
Астана
Астана

Ақтауда төрт ұпай еншіледік

04.12.2025, 16:00    Просмотров: 566
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ақтаудағы ойындар сериясын сәтті өткізді. Қазақстан Ұлттық Лигасының кезекті туры аясында елордалық ұжым жергілікті «Каспийді» екі рет ұтты – 71:97 және 63:75.

Бірінші ойынды астаналық баскетболшылар жақсы өткізді. Әрі команда құрамына жарақатынан айыққан Эрик Дэй қайта оралды. Ойынның алғашқы он минуттығы тең деңгейде өтсе (20:21), әрі қарай «Астана» басымдықты толығымен өз қолына алды. Екінші ширекте командамыз есеп айырмасын +10 ұпайға дейін ұлғайтты. Үлкен үзілістен кейін астаналықтар ойынды өз бақылауында ұстауды жалғастырды. Үшінші кезең 20.27 есебімен, ал ойынның қорытынды бөлігі 15:23 есебімен аяқталды. Қорытынды есеп – 71:97. Бұл ойында «Астана» сапынан Асқар Майдекин (20 ұпай, 5 рет допты алу, 3 пас), Адас Юшкявичюс (19 ұпай, 6 пас, 3 рет допты алу), Эрик Дэй (14 ұпай, 2 пас), Роберт Пан (12 ұпай, 6 пас, 3 рет допты алу) мен Руслан Айтқали (12 ұпай, 7 рет допты алу, 2 пас) үздік атанды.

Екінші кездесудегі нәтижелілік деңгейі бірінші матчпен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Ойынның алғашқы жартысын алаң иелері өз пайдасына шешкенімен, үшінші және төртінші ширектер матч тағдырына тікелей әсер етіп, онда «Астана» 17 ұпай айырмашылығын орнатты. Матчтың қорытынды бөлігі 16:16 есебімен аяқталды. Үшінші ширекті сәтті өткізген «Астана» осылайша кезекті жеңісіне қол жеткізді – 63:75. Адас Юшкявичюс (22 ұпай, 3 рет допты алу) пен Александр Жигулин (13 ұпай, 4 рет допты алу) матчтың көшбасшы ойыншылары атанды. Сонымен қатар, Эрик Дэй дабл-дабл авторы атанды – 13 ұпай, 13 пас және 3 рет допты алу.

Енді командамыз Астанаға қайта оралып, Батыс-Азия Супер Лигасындағы кезекті матчқа дайындыққа кіріседі. Қарсыласымыз – Ливан чемпионы «Әл-Рияди». Ойын 10 желтоқсан күні өтеді, матч сағат 20:45-те басталады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: Халық Арена
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017