Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Атырау Барыстары
Атырау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
20.01.2026, 19:00 Сс
Арена: AIROM ARENA (Атырау)
50:79
Негізгі уақыт
11:22 11:17 17:24 11:16
Ойын нөмірі: 45
Көрермен: 0
Астана
Астана

Ендігі кезекте — Атырау

19.01.2026, 11:30    Просмотров: 54
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қазақстан ұлттық лигасында чемпиондыққа таласты тоқтатқан жоқ. 2026 жылдың алғашқы матчтарын елордалық клуб батыстық  «Барсы Атырау» командасына қарсы өткізеді. Кездесулер 20 және 21 қаңтарда сағат 19:00-де «Airom Arena» паркетінде өтеді.

Біздің команда алдағы болатын ойындарға ұлттық чемпионаттағы жеңістер сериясын үзбей кіріскелі отыр.

Қарсыластар тарихы:

2014/2015 жылдардағы маусымнан бастап командалар 75 матч өткізді, оның 64-і елордалық клубтың жеңісімен аяқталды.
Соңғы рет қарсыластар 25 және 26 қарашада елордада кездесті. Ол кезде «Астана» серияның екі матчында да сенімді жеңіске жетті — 78:61 және 96:63 

Топ үздіктері:

«Астана» құрамында ұпай саны бойынша үйлестіруші қорғаушы Эрик Дэй көш бастап тұр — бір матчқа орта есеппен 22,5 ұпайдан келеді. Ол сонымен қатар команданың ең үздік ассистенті, әр ойында орта есеппен 8 пас береді. Іріктеу бойынша үздік көрсеткішті орталық ойыншы  Асқар Майдекин көрсетті — бір кездесуде доп алу саны — 7.

«Барсы Атырау» командасында бұл көрсеткіштер бойынша үздіктер — легионер Майкл Майс (23,75 ұпай), Богдан Рабченюк (2,75 пас) және Рамазан Самсин (доп алу саны -7).

«Астана» үшін Қазақстан ұлттық лигасының үшінші айналымы сырт алаңдағы матчтардан басталады. Елордалық клуб өз алаңында жақын арада ойын өткізбейді, сондықтан жанкүйерлердің қолдауы аса маңызды.

Матчтардың тікелей көрсетілімдерін біздің сайтта 20 және 21 қаңтарда сағат 19.00-де көруге болады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021