Батыс Азия Супер Лигасы
Астана
Астана
Батыс Азия Супер Лигасы, Тұрақты біріншілік
10.12.2025, 20:45 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
86:72
Негізгі уақыт
16:16 18:18 26:16 26:22
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 4343
Аль-Рияди
Бейрут

«Астана» өз алаңында Батыс Азияның үздік клубтарының бірі – «Әл-Риядиді» қабылдайды

08.12.2025, 17:00    Просмотров: 571
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
 Елордалық клуб Батыс-Азия Супер Лигасындағы маусымын өз алаңында өткізетін ливандық «Әл-Риядиге» қарсы матчпен жалғастырады. Кездесу желтоқсандағы маңызды матчтардың бірі болмақ, себебі екі ұжымның да ойын қарқыны жақсы және екеуі де тұрақты нәтиже көрсетіп жүр.

Командалардың соңғы матчтары

«Астана»


Астаналық клуб Қазақстан Ұлттық Лигасында тұрақты ойын өрнегін көрсетуді жалғастырып келеді.
— «Каспийге» қарсы екі ойында елордалық ұжым қос жеңіске қол жеткізді – 84:68 және 87:74.
— Команда чемпионатта маусым басынан бері бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ және әр ойын сайын ұжымнан прогресс байқалады.

«Әл-Рияди»  

Ливандық клуб та Астанаға келгенге дейін өткізген матчтарының бәрінде сенімді ойын өрнегін көрсеткен:
— Команда «Әл-Вахданы» жеңді – 89:80 (WASL)
— WASL өткен жылғы кезеңін сенімді аяқтап, чемпиондыққа қол жеткізді
— Жергілікті чемпионаттағы сенімді ойын өрнегін көрсететін «Әл-Рияди» тұрақты түрде есепте үлкен айырмашылықпен жеңіске жетеді.
— Победа над «Al Wahda» — 89:80 (WASL).

Кездесулер тарихы

«Астана» мен «Әл-Рияди» Батыс-Азия Супер Лигасы Сегіздік финалы аясынад екі рет кездескен.
— Бұған дейінгі ойындарда «Әл-Рияди» құрамының мықтылығы мен өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы жоғары көрсеткішінің арқасында басымдыққа ие болды – 101:69 және 93:58.
— «Астана» үшін алдағы ойын – кеткен есесін қайтарып, турнирлік кестедегі жағдайын жақсарта түсу үшін мүмкіндік.
Кездесулердің жалпы тарихына есепке алмағанда, екі ұжым арасындағы теке-тірес жалғаса бермек. Себебі, командалардың ойын стилі әртүрлі, сондықтан да ойын күреске әрі күтпеген жағдайларға толы болады.

Командалардың көшбасшылары

«Астана»


* Роберт Пан — 18 ұпай, 6 рет допты алу
* Владимир Иванов — 6,5 рет допты алу.
* Эрик Дэй — 5,5 пас.

«Аль-Рияди»

* Perrin Buford — 24,5 ұпай, 10 рет допты алу, 2,5 пас.
* Maurice Kemp — 15,5 ұпай, 8 рет допты алу, 0,5 блокшот.
* Hayk Gyokchyan — 14 ұпай, 6,5 рет допты алу, 4,5 пас, 1 блок.

Матчтан не күтеміз

Кездесу жылдам әрі күреске толы болмақ. «Астана» өз жанкүйерлерінің қолдауымен ойын барысын бақылауында ұстауға тырысса, «Әл-Рияди» қорғаныс пен көшбасшы ойыншыларының шеберлігіне басымдық береді.

Астаналық клуб үшін бұл ойын – мінез көрсетіп, аймақтың ең мықты командаларының бірімен ойында өз күшін сынап көруіне мүмкіндік.

Матч  10 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Матч сағат 20:45-те басталады. Кездесуді SportPlus Qazaqstan арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

«Астана» Ливан баскетболының үздігінен басым түсті

18.12.2025, 12:00    Просмотров: 144
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы FIBA Батыс-Азия Супер Лигасының (WASL) топтық кезеңіндегі маңызды матчта турнирдің қазіргі чемпионы — ливандық «Әл-Риядиді» 86:72 есебімен жеңді. Кездесу Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп, 4343 көрермен жинады.

Ойын өте тартысты өтті және алаң иелерінен бар күш-жігерін салуды талап етті. Алғашқы ширек тең дәрежеде өткен болса, шешуші кезең үшінші онминуттық болды. Осы кезеңде «Астана» айтарлықтай қарқын қосып, 26:16 есебімен ширекті өз пайдасына жазды. Бұл серпіліс командаға соңғы он минуттыққа сенімді басымдықпен қадам басуға мүмкіндік берді.

Төртінші ширектің басында Роберт Пан, Вадим Щербак және Эрик Дэй алыс қашықтықтан бірнеше дәл соққы жасап, есептегі айырманы ұлғайтты. «Астананың» басымдығы екі рет 18 ұпайға жетті. Алайда ливандық команда камбэк жасауға тырысып, матчтың аяқталуына бір минут қалғанда таблодағы көрсеткіштегі айырманы жеті ұпайға дейін қысқартты.

Шешуші сәтте «Астана» ойыншылары салқынқандылық танытып, қарсыласына ойын барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, кездесуді өз пайдасына шешті.

Рамунас Цвирка, «Астана» БК бас бапкері:

«Матчты баяу бастадық, бірақ кейін өз ырғағымызды тауып, ойынды сезіне бастадық және жаттығуда пысықтаған дүниелерімізді жүзеге асырдық. Мен ойыншыларға әрдайым ең бастысы — ойында болу, ал жеңіске қалай жету керектігін кейін шешеміз деп айтамын. Бүгін біз ойында болдық және белгілі бір сәтте алға шығып, соңғы 2–3 минуттағы қателіктерге қарамастан, 10 ұпайлық басымдықты сақтай алдық. Қателеспесем, біз төрт қажетсіз қате жібердік — ол кезде сабырлырақ ойнап, дриблингті көбірек қолданып, ойластырылған айлалар мен пастарды жасауға болар еді. Пасты тым баяу бердік, қорғаныста допты қағып алу қиынға соқты. Мүмкін, шаршағандықтан ойлануға және позицияларды дұрыс бөлуге уақыт жетіспеген шығар. Бірақ бұл — ойын.
Біз «Әл-Вахданы» әлі талдаған жоқпыз, себебі қарсыласты алдын ала талдауды жаман ырым деп санаймыз. Ертең бапкерлер штабы болып отырып, бәрін қараймыз. Оған дейін бізде Қазақстан Ұлттық лигасында «Тобылмен» ойындар сериясы бар».


Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Роберт Пан болды. Оның еншісінде 21 ұпай мен 9 рет доп қағып алу бар. Вадим Щербак пен Александр Жигулин 13 ұпайдан жинаса, Эрик Дэй дабл-дабл жасап, 11 ұпай мен 10 нәтижелі пас берді.

Осылайша, «Астана» WASL-дың биылғы тұрақты маусымындағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді және команда турнирлік жағдайын жақсартты. Топтық кезеңдегі үш матчтан кейін «Астана» 2–1 көрсеткішімен Батыс-Азия Супер Лигасының турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Команда тек ирандық «Шахрдари Горган» клубына ғана жол беріп тұр.

Вадим Щербак, «Астана» БК шабуылшысы: 

«Ең бастысы — біз қорғаныста жақсы ойнадық және бапкердің жеке әрі командалық қорғаныс бойынша тапсырмасын орындадық. Олардың негізгі ойыншыларын лайықты деңгейде тоқтата алдық деп ойлаймын, ал қажет сәтте маңызды ұпайлар жинадық, бұл бізге сенімділік қосты. Аренадағы қолдау ерекше сезілді, әсіресе төртінші ширек кезінде «Әл-Рияди» қысым жасаған және өзіміз қатеге жол берген сәттерде жанкүйерлердің қолдауя көмектесті. Жанкүйерлер бізге күш берді, сол арқылы ойында жеңіске жеттік. Соңында шаршаңқылық сезілгенімен, өзімізді қолға ала білдік. Бапкер тайм-аут алып, бізді тыныштандырды, содан кейін бәрі сәтті өтті».

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1934 Клубтық түстері: сары, көк, қара
Мемлекет: Ливан Арена: Саеб Салам Арена
Қала: Бейрут Сайт: www.riyadi.com

Сипаттамасы