Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Плей-офф 1/2 финалы
19.05.2026, 19:00 Сс
Арена: Астана Академиясының спорт залы (Астана)
88:87
Негізгі уақыт
30:18 20:23 25:23 13:23
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 0
Атырау Барыстары
Атырау

Біз финалдамыз!

20.05.2026, 10:00    Просмотров: 188
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
“Астана” финалға шықты!

Астаналық клуб жартылай финалда “Барсы Атырау” командасын жеңіп, Қазақстан чемпионы атағы үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік алды. Сериядағы тартыс шешуші ойынның соңғы секундтарына дейін сақталды, ал командалар үздікті тең бесінші матчта ғана анықтай алды.

Серия Астанада басталып, онда екі команда бір жеңістен өз есебіне жазды. Бірінші ойында “Астана” жеңіске жетіп, сериядағы есепті ашты — 102:79 931:21, 25:15, 23:22, 23:21). Астаналық баскетболшылар кездесуді сенімді өткізіп, әр ширекте жеңіске жетті. Команда сапынан Роберт Пан (18 ұпай, 7 рет допты алу), Эрик Дэй (17 ұпай, 6 пас және 4 рет допты алу), Адас Юшкявичюс (15 ұпай,6 рет допты алу және 6 пас) пен Асқар Майдекин (12 ұпай, 7 рет допты алу) үздік ойын өрнегін көрсетті.

Екінші матчта атыраулық ұжым басымдықты өз қолына алып, 14 ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті және сериядағы есепті теңестірді. Елордалық ұжым жеңіліс тапқанына қарамастан, Эрик Дэй трипл-дабл жасады — 21 ұпай, 14 рет допты алу, 10 пас.

Серияның келесі матчтары Атырауда жалғасын тапты. Үшінші ойында “Астана” жеңісті өз есебіне жазып, серияда көш бастады — 88:83 (22:29, 27:24, 21:19, 28:11). Ойын бойы алаң иелері есепте көш бастап келе жатқан, дегенмен, соңғы ширекте елордалық ұжым матч барысын өз жағына қарай бұра білді. Эрик Дэй (15 ұпай, 13 пас) мен Асқар Майдекин (17 ұпай, 14 рет допты алу) дабл-дабл авторы атанса, Адас Юшкявичюс (21 ұпай, 7 пас және 5 рет допты алу) пен Роберт Пан (16 ұпай, 6 рет допты алу) жарқын ойын өрнегімен көзге түсті.

Төртінші кездесуде алаң иелері тағы да жеңіске жетіп, сериядағы есеп қайта теңесті — 2:2. Бұл кездесуде ойын бір ұпай айырмашылығымен аяқталды — 79:78 (22:18, 23:23, 12:24, 22:13). Асқар Майдекин қатарынан екінші ойында дабл-дабл авторы атанды — 14 ұпай және 10 рет допты алу. “Астана” сапынан тағы Эрик Дэй (22 ұпай, 8 пас пен 5 рет допты алу) мен Роберт Пан (15 ұпай, 8 рет допты алу мен 4 пас) ойынның үздіктері атанды.

Финал жолдамасының тағдыры Астанада өткен бесінші кездесуде шешілді. Шешуші ойын тартысқа толы болып, командалар бірінен кейін бірі басымдыққа ие болып, қай команданың жеңіске жететіні матчтың соңғы секундтарына дейін белгісіз болды.

Кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда “Астана” 85:87 есебімен есе жіберіп жатқан, бірақ Александр Жигулин маңызды үш ұпайлық соққыны жүзеге асырып, команданы есепте алға шығарды. Одан соң “Барсы Атырау” допқа иелік еткенімен, атыраулық ұжымның шабуылы нәтижесіз аяқталды. Одан соң Эрик Дэйдің есеп айырмасын ұлғайтатын мүмкіндігі болған, алайда ол оны жүзеге асыра алмады. Матчтың шешуші шабуылын Ермаков ұйымдастырған, алайда “Барсы Атырау” шабуылшысы соңғы бес секундта нәтижелі соққы жасай алған жоқ.

Осылайша, шешуші бесінші матчта “Астана” жеңіске жетіп, Қазақстан Ұлттық Лигасы финалына жолдама алды — 88:87 (30:18, 20:23, 25:23, 13:23).

Эрик Дэй бұл ойында өз есебіне 34 ұпай, 8 пас пен 6 рет допты алуды жазып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. 16 ұпай еншілеген және маңызды әрі шешуші рөл ойнаған үш ұпайлық соққыны орындаған Александр Жигулин де жеңіске зор үлесін қосты. Адас Юшкявичюс команда есебіне 15 ұпай қосты.

Енді “Астананы” алда чемпиондық атақ сарапқа салынатын Қазақстан Ұлттық Лигасы плей-офф кезеңінің финалы күтіп тұр.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021