«Sport Qory» қолдауымен «Астана 2» фарм-командасы құрылды

30.09.2021, 18:00    Оқылғаны: 1024
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қорына клубты дамытуға жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді.

Қормен ынтымақтастықтағы биылғы жылғы маңызды жоба «Астана 2» фарм-командасын құру болып отыр. Бұл ұжым ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасында Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын болады.

Команда құрамы толықтай астанадағы баскетбол Академиясының түлектерімен жасақталады. Ал жаттықтырушылары құрамын оның бапкері Деян Парежанин басқарады. Бұл – алдағы қаңтар айында өзінің бес жылдығын атап өтетін, біздің Академияны дамыту барысындағы маңызды қадам.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»