3х3 баскетболынан жабық турнир қорытындысы мен «Астананың» жеңістері

26.05.2022, 18:00    Оқылғаны: 1605
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

24 мамырда «Астана» баскетбол клубы 3х3 “Moscow Open” халықаралық кубогына қатысу үшін, дайындығын пысықтау мақсатында Алматыдағы «Forum Hoops 3x3» көше додасы алаңында өткен жабық турнирде бақ сынап, бірнеше ойын өткізді.

Бұл турнирге Қазақстанның ең үздік жеті командасы қатысып, дода қорытындысында елоданың «Астана» командасы топ жарды.

«Астана» командасының намысын қорғағандар: Руслан Айтқали, Николай Бажин, Роберт Пан және Александр Оразбеков.

Ойындар нәтижелері:

Топтық кезең:
«Tchibo» vs «Astana» — 13:21
«Legion» vs «Astana» — 9:22
«Astana» vs «Uragan» — 22:14

Жартылай финал:
«Astana» vs «DoBro» — 22:16
«1XTEAM» vs «Tchibo» — 14:12

Финал:
«1XTEAM» vs «Astana» — 13:22

Турнир жайлы ақпараттар, турнир кестесі, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» баскетбол клубы жабық турнирді өткізуге қатысқандардың және ұйымдастырушылардың бәріне көмектесіп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.
 


Естеріңізге сала кетейік, 27-28 мамыр күндері «Street Basket Russia» Көше баскетболы қауымдастығы Мәскеуде 15-ші рет 3х3 “Moscow Open” 2022 халықаралық кубогын ұйымдастырып, оған «Астана» баскетбол клубы алғаш рет қатысады.

Кубок додасы мәскеулік «Көпір астындағы» алаңында сарапқа салынып, онда елорданың «Астана» командасы Сербия, Ресей және Беларусь елдерінің командаларымен сынға түседі.

«Астана» командасының 3х3 “Moscow Open” халықаралық кубогында өткізетін ойындарының бәрінің онлайн трансляциясын біздің сайтымыздың басты бетінен көре аласыздар – pbcastana.kz және VK әлеуметтік желісіндегі парақшасында.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»