Самсон Аракелян: «Астана» төлсипаты бір кездері қаланың нышанына айналса деген арманым бар»

04.11.2022, 10:00    Оқылғаны: 837
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы
Автор:

«Астананың» бас директоры Самсон Аракелян «Хабар» агенттігіне сұхбат беріп, клубтың даму векторы туралы сұрақтарға жауап берді. Біз оның мәтіндік нұсқасын жариялаймыз.

- «Астанаға» тағайындалуы және клубтағы өзгерістер туралы.
- Барлық өзгерістер, тіпті қазір біреуге қисынсыз болып көрінетін өзгерістер де біз қалаған нәтижеге әкеледі деп үміттенемін. Шынымды айтсам, егер жыл басында біреу маған «Астанаға» көшіп, елдің бас клубын басқарамын десе, мен қатты таң қалар едім.

- Ақпан айында Кубок өтті, «Астананың» нәтижелері көңіл көншітерліктей болмады, ойынға келушілер азайды. ВТБ Бірыңғай лигасындағы соңғы орын, «Астана-2» жоғары лигада соңғы орын алды – мұның бәрі лайық кандидатты іздеу қажеттілігін тудырды. Кім келсе де, бірдеңені түзеуге ұмытылуы тиіс еді.
- Мен әңгімелесуге дайын жоспармен келдім: өзім туралы айтқаным бөлек, «Астанаға» қажетті нәрселерді ұсындым. Бұл басшылыққа ұнады деп ойлаймын. Келесі күні-ақ ұсыныс түсті.



- Бас директор бас бапкердің жұмысына араласуы мүмкін бе?
- Менімен жиі кеңеседі, бірақ мен жаттықтырушының жұмысына араласуды дұрыс емес деп есептеймін. Мен тіпті киім ауыстыратын бөлмеге жиі кірмеуге тырысамын. Мен кірсем де, бір-екі сөз айтып, шығып кетемін. Өйткені менің командам кеңседе отырады: бұл PR қызметі және басқалары. Баскетболшылар үшін басты адам – бапкер. Сондықтан мен былай қараймын: мен жаттықтырушыдан нәтиже сұраймын, ол ойыншылардан талап етеді.

- Олег Киселев туралы.
- Оны бұрыннан білемін. 10 жыл бұрын ол қатаң бапкер еді, көбі оған шыдамаған-тын, алайда, жұмысы жемісті болды. Қазір ол сырттай қарағанда жұмсарған сияқты, бірақ, керісінше, ақыл қосып, қуатын бос нәрсеге жұмсамауға тырысады.

Олег Киселев — Баскетбольный клуб Астана 2022/2023

- Қазір «Астананың» көшбасшысы кім?
- Мен ойыншылардың әрқашан оларды біреу алмастыра алатынын түсіндіргім келеді. Лайықты бәсекелестік болғаны және жас ойыншылар басқа деңгейге шығулары тиіс. Қазіргі жағдайға өте қуаныштымын. Әр ойында жаңа көшбасшы болғанын қалаймын. Клуб директоры ретінде мен үшін көбірек таланттарды ашқанымыз жақсы.

- Ребрендинг туралы.
- «Астана» төлсипаты бір кездері қаланың нышанына айналса деген арманым бар. Сол үшін де мен баскетболмен, жалпы спортпен байланысты барлық элементтерді алып тастадым. Біз мұнда өзіндік нышанымызды қостық: биікке өрлеу, ұлттық ою, құс, біреу үшін бұл жебе. Сырттай, оқымай-ақ, логотипті көріп-ақ сен мұның «Астана» екенін білесің.

Логотип баскетбольный клуб Астана

- Сын туралы.
- Мен «Астананың» басты сыншыларымен кездестім, Валерий Тихоненконың уақытанан бері бар адамдарды көрдім. Пікір алмастық, өзіміздің ойымызды айттық. Кей пікірлермен келіспедік, кейбірімен тіл таптық, не керек, олар маған әлденені дәлелдеуге мүмкіндік берді.

- Астананы ҰБА-ның бір клубымен салыстыруға келе ме?
- Жақсы сұрақ. Әрине, «Лэйкерс» демес едім. Негізі біздің команданы «Сан-Антонио Спёрске» ұқсағанын қалаймын. Бұл команданың басты «жұлдызы» бапкері Грегг Попович болды. Командада нағыз көшбасшы болмады, керісінше, жастай келіп, жарық «жұлдызға» айналып шықты. Бұл команда жүйесінің дұрыс жұмыс істейтінін көрсетеді. Онда Леброн Джеймс пен Стефан Каррилер жоқ. Менің міндетім – дәстүр жүйесін қалыптастыру. Қандай бапкер, қала берді ойыншы келсе де, «Астананың» өзіндік ойыны, философиясы бар екенін білулері тиіс. Өзіміз белгілі бір стилімізді тауып, бапкерлердің бірнеше жылдар жұмыс істегенін қалаймын.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»