«Самарамен» ойнаймыз: матчқа превью

15.02.2023, 10:00    Оқылғаны: 540
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы қайта оралады: ұлттық Кубокты жеңген «Астананың» қазақстандық ойыншылары Атыраудан оралды, артынша легионерлермен бірге Самараға аттанды, онда Олег Киселевтің командасы тұрақты чемпионаттың екінші кезеңінің кезекті матчын өткізеді.

Бүгінгі қарсыласымыздың тарихын еске түсірейік: клуб 1976 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Генрих Приматовтың бастамасымен сол кезде Куйбышев деп аталатын қалада құрылды. Бастапқыда команда «Құрылысшы» деп аталды.

2003 жылдан бастап «Самара» балалар мен жасөспірімдер бағытын дамытуға баса назар аударды, ал 2012 жылдың жазында клуб кәсіби мәртебесін қайтарды. Команда екі рет Суперлига чемпионы атанды (2018/19 және 2020/21 маусымдары) және екі рет Ресей Кубогын жеңіп алды (2019/20 және 2021/22 маусымдары). ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бұл маусым клубтың дебюті саналады. 

Ойыншы ретінде «Астананың» бас бапкері Олег Киселев 1998/99 және 2000/02 маусымдарында «Самара» сапында өнер көрсетті. Ал 2006-2009 жылдары Ресей клубының бас бапкері «Астананың» бұрынғы бас директоры, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды.

Қазір Сергей Базаревичтің ұжымы — плей-оффқа шығуы мүмкін командалардың бірі. Сәйкесінше «Астанаға» әр ойында жеңіске жету керек.

«Чемпионаттың бірінші кезеңінде «Самарамен» екі ойында сәтсіздікке ұшырадық және қазір жағдайды түзеткіміз келеді. Қазіргі уақытта бізде байланыс тұрғысында белгілі бір проблемалар бар: ойыншылардың бір бөлігі Қазақстан Кубогына қатысқан кезде, екіншісі бөлек жаттықты. Бірақ мұның бәрін біз қорғаныстағы барынша сауатты ойынмен реттеуіміз қажет» — деді ойын алдында «Астананың» бас бапкері Олег Киселев.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады, ойынды клубтың ресми сайтынан көруге болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»