Жанға батқан жеңіліс

04.03.2023, 17:00    Оқылғаны: 533
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ақпан айының басынан бері адғаш рет «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы үй матчын өткізді.

Олег Киселевтің командасына қонаққа Пермь клубы — «ПАРМА-ПАРИ» келді. 

Кез келген есеп тіркелуі мүмкін ойынның таблодағы қорытынды көрсеткіші қарсыластың пайдасына 73:74 есебімен аяқталды. 

Кваме Вонның орындауындағы «баззер битермен» аяқталған «Астананың» бірінші кезеңін атап өткен жөн. Сонымен қатар, үшінші кезеңде қонақтар финалдық он минуттың «Астанада» қалғанына қарамастан, матчта жеңіске жету үшін жеткілікті ұпай жинады.
 

«Команданы құттықтағым келеді. Жігіттер мінезін көрсетті, алдыңғы матчтарға қарағанда қорғаныста әлдеқайда жақсы ойнады. Бүгін жақсы қарым-қатынас болды, ойыншылар әртүрлі комбинациялары қолданды. Барлығы тырысып бақты: бүгін 40 рет допқа бірінші жетті, ойында басым болды, тіпті кей тұста қатарынан 10 ұпай жинады. Содан кейін қателіктер жіберіп, «Астанаға» ойынға оралуға мүмкіндік бердік. Біз жеңгенімізге және плей-оффқа шығу мақсатымызға тағы бір қадам жасағанымызға қуаныштымын. Біз күрестің қызғанын көреміз, бәрінің бірдей мүмкіндігі бар және біз үшін плей-офф қазір басталды. Біз әр ойында жеңіске жетуіміз керек», - деді қарсыластың баркері Евгений Пашутин ойыннан кейін.

«Астана» құрамындағы үздіктер — Кваме Вон (17 ұпай, 7 ассист), Рустам Мырзағалиев (17 ұпай, 4 ассист), Валерий Лиходей (15 ұпай, 5 рет допқа жету), Маркелл Джонсон (9 ұпай, 11 рет допқа жету, 5 ассист). 17 ұпай жинаған Рустам Мырзағалиев өзінің рекордын қайталады, бұған дейін елордалық команданың капитаны өткен жылы «Минскіге» қарсы матчта дәл осындай ұпай жинаған болатын.

Келесі матчты «Астана» 9 наурызда «Автодорға» қарсы өткізеді. Билеттер жақын арада сатылымға шығады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»