Олег Киселев: «Күшімен жеткенше күресіп бақтық»

22.03.2023, 23:00    Оқылғаны: 895
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері «ПАРМА-ПАРИМЕН» өткен ойыннан соң пікір берді.

— Егер біз жеңілістің нақты себебін айтсақ, тығыз ойындар кестесін және тыңнан шығатын жігіттердің аздығын есепке аламыз. Күшіміз жеткенше күресіп бақтық. Үшінші кезеңнің басында қарсыласымызды ұстап тұрдық, бірақ соңғы 10 минутта олар есепте ұзап кетті. Егер сіз баскетбол элементтерін мысалға алсаңыз түсінесіз, 20 мәрте доптан айырылып, айыппұлдар жіберіп, үш ұпайлық допты лақтыра алмасаңыз, оң нәтижеге сену өте қиын. Қарсылас, керісінше, шабуылшылар үшін керемет жағдайлар жасап, жеңіске жетті.


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ