Рустам Мырзағалиев: «Біз ВТБ Бірыңғай лигасында әлі жақсы өнер көрсетеміз деп үміттенемін»

28.03.2023, 18:00    Оқылғаны: 722
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» капитаны Рустам Мырзағалиев ВТБ Бірыңғай лигасы маусымын қорытындылады.

– Бірінші кезекте, бізді ВТБ Бірыңғай лигасында қолдаған барлық жанкүйерге алғысымды білдіргім келеді. Бізді сынағандарға да рахмет, өйткені бұл бізге дем берді. 

Маусым қиын болды: жаңа форматта матчтар көбірек болды. Әр жеңілістің өзіндік себебі бар. Ойындар үш күн сайын өткізіліп тұрды, жарақат көбейді. 

Екінші жағынан, тығыз күнтізбенің үлкен пайдасы — бірнеше жас жігіт ойын уақытын ала алды. Болашақта бұл тәжірибе оларға оң әсер етеді деп үміттенемін.

Қорытынды жасау қиын, бес жеңіс өте аз. Талдау жасаймыз, келесі маусымда біз осындай тығыз күнтізбеге дайын болуымыз қажет. Әлі де ВТБ Бірыңғай лигасында өзімізді көрсетеміз деп үміттенеміз.

Біз Ұлттық лига чемпионаты үшін күресті жалғастырамыз, сондықтан барлық жанкүйерді үй ойындарына шақырғым келеді. Ұлттық чемпионат біз үшін өте маңызды және алда әлі де көптеген қызықты матчтар бар. Сондықтан команданы қолдауға келгендердің барлығын көргеніме қуаныштымын!

Баскетбол маусымы жалғасуда, оны оң нәтижемен аяқтау керек. Тек қана алға!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»