Майкл Майерс: «Астананың» бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын»

29.03.2023, 20:00    Оқылғаны: 733
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық орталық Майкл Майерс «Астанада» өткен маусымын қорытындылады.

– Мені қолдаған және осы маусымда менің ойыныма қызығушылық танытқан барлық жанкүйерге ризамын. Сіздердің құрметтеріңіздің арқасында мен Астанада өзімді жақсы сезіндім.

Біз маусым бойы көп жұмыс істедік және күресіп бақтық. Өкінішке қарай, біз қалағандай жақсы аяқтаған жоқпыз. Бірақ бұл баскетболдың бір бөлігі.

Жаттықтырушылар штабына және өз командаластарыма алғыс білдіріп, ұлттық лигада табыс тілеймін! Мен «Астананың» бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын және осы жерде өткізген уақытым туралы әрқашан тамаша естеліктер сақтайтын боламын. Мүмкін, бір күні біздің жолымыз қайта түйісуі мүмкін.

Барлығыңызға көп рахмет!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»