Финалдық матчтардың билеттері сатылымда!

28.04.2023, 18:00    Оқылғаны: 553
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ұлттық лигадағы «Астананың» қорытынды матчтарына билеттер сатылымы ашық.

Финалда Олег Киселевтің командасына осы маусымның тұрақты чемпионатын екінші орында аяқтаған және жартылай финалда қостанайлық «Тобылды» жеңген Қазақстанның екі дүркін чемпиондары «Атырау Барыстары» қарсы тұрады. Чемпионат жеңімпазы серияның қорытындысы бойынша үш жеңістен кейін анықталады.

Алғашқы екі ойын 1-2 мамырда «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, содан кейін серия Атырауда жалғасады.

Үй матчтарының басталу уақыты: 1 мамыр – 18:00, 2 мамыр – 19:30.

Он бірінші чемпиондық атақ үшін күресте елордалық команданы қолдауға келіңіз!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»