Біз финалдамыз!

26.04.2023, 16:00    Оқылғаны: 475
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» алматылық IRBIS-ті жеңіп, ҚР Ұлттық лигасының финалына шықты.

Серияның нәтижесі үш матчта анықталды. Олег Киселевтің командасы матчты ресми түрде қонақта өткізді, айта кетейік, клубтар арасындағы келісім бойынша барлық ойындар «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтті.

Бірінші матч «Астананың»сенімді жеңісімен аяқталды – 90:60. Бірінші кезеңде алаң иелері басым болды. Дегенмен, астаналықтарға 30 ұпай айырмашылығымен артықшылығы жеңіске жеткілікті болды. Жарақат салдарынан алматылықтарға «Астананың»экс-ойыншысы Роберт Пан көмектесе алмады.

Рустам Мурзағалиев

Екінші ойында күрес тартысты болды, сонымен қатар Роберт Пан алаңға қайта оралды. Екінші кезең нәтиже үшін шешуші болды, онда «Астана» 28:13 есебімен жеңіске жетті. Таблодағы қорытынды есеп елордалық команданың пайдасына – 78:59.

Александр Оразбеков

Шешуші үшінші ойын ең қарқынды ойындардың бірі болды. Алматылықтар американдықтар Аарон Феликс пен Джейден Сайлзсыз, сондай-ақ Исмаил Бимендинсіз ойнады. Соған қарамастан, «Астана» үшін екінші кезеңнен кейін (16:25) қарсылас 15:9 есебімен үшінші кезеңді жеңіп, камбэк жасауға тырысты. Алайда, соңғы кезең (елордалық команданың пайдасына 6:29) төртінші матчтың қажет емес екенін аңғартты. 

Кваме Вон

Серияда ерекшеленген ойыншылар арасында Игорь Каныгинді атап өткен жөн (11+9+8 ұпай, 9+7+3 допқа бірінші жету), Валерий Лиходейді (9+13+18 ұпай) және Дмитрий Гавриловті (10+12+6 ұпай, 7+6+5 допқа бірінші жету) атап өтеміз.



Енді «Астана» финалда «Тобыл» немесе «Атырау Барыстарымен» ойнайды. Үш жеңіске дейін жалғасатын серияның екі ойынынан кейін Батыс Қазақстан командасы басымдыққа ие.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»