Олег Киселев: «Біз плей-оффта тұрақты ойнадық»

08.05.2023, 20:00    Оқылғаны: 687
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев Ұлттық лиганың финалдық сериясын қорытындылады.

– Бізге алаңдап, қолдаған барлық жанкүйер қауымын, соның ішінде клуб басшылығы мен әкімшілік қызметкерлерін жеңісімен құттықтағым келеді! Жаттықтырушылар мен медициналық штабына құрметім шексіз.

Наурыз айынан бастап біздің ойын кестеміз өте тығыз болды, бірден екі жарысқа қатыстық, сондықтан Ұлттық лиганың тұрақты чемпионатының соңында аздап эмоционалды құлдырау болды. Бірақ біз жағдайды түзете алдық және плей-оффта тұрақты ойнадық.

Сондықтан әр ойыншыны да, жалпы бүкіл команданы да лайықты алтын медалімен құттықтағым келеді!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»