Кэп бізбен бірге!
«Астана» капитаны Рустам Мырзағалиев клубта қалады.
Ойыншының жаңа келісім-шарты тағы екі маусымға ұзартуға мүмкіндік береді.
ВTБ Бірыңғай лигасының өткен маусымында Рустам 27 ойын өткізіп, бір ойынға орта есеппен 6 ұпай және 2.1 нәтижелі пас жинады. Сондай-ақ, ол Қазақстан Кубогының MVP және үш ұпайларды іске асыру бойынша ҚР Ұлттық лигасының үздігі болды.
Біз клубтың тәжірибелі қазақстандық ойыншысының бірімен жаңа келісім жасасқанымызға қуаныштымыз!
Негізгі команда жаттығуды 15 тамызда бастайды.