Вадим Третьяк – «Астана» ойыншысы!
Клуб 23 жастағы Беларусь қорғаушысы Вадим Третьякпен келісім-шарт жасасты.
Вадим 2000 жылы 3 маусымда Минскіде дүниеге келген. Ойыншы 2016 жылдан бері қала аттас клубтың тәрбиеленушісі.
Өткен маусымда Вадим «Минск» сапында ВТБ Бірыңғай лигасында 17 матч өткізді, орташа есеппен 1.5 ұпай жинады және алаңда 7:27 уақыт ойнаған, әр ойынға орта есеппен 0.5 пас берді. Ол сондай-ақ Беларусь чемпионатында да бақ сынады, онда өткен маусымда 10 матч өткізіп, бір ойында орташа есеппен 10.1 ұпай жинады.
Әмбебап ойыншы түрлі жастағы Беларусь құрамаларына тартылды.
Беларусь қорғаушысын «Астанада» көргенімізге қуаныштымыз, жаңа маусымда сәттілік тілейміз!