«Приматов Кубогында» алаң иелеріне жол бердік

22.09.2023, 23:00    Оқылғаны: 340
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының алдағы маусымына дайындығын жалғастыруда.

Медиакүннен кейін Олег Киселевтің командасы Сербияға оқу-жаттығу жиынына аттанды, онда «Борац» (72:75), «Подгорица» (87:79) және «Спартак Суботица» (83:78) сияқты клубтармен ойнады.

Белградтан кейін астаналық баскетболшылар Самараға аттанды, онда маусым алдындағы дәстүрлі «Приматов Кубогы» басталды. Оған «Астана» мен «Самарадан» басқа, Пермьнің «ПАРМА» және Екатеринбургтің «Уралмашы»қатысады.

Өзінің алғашқы матчында «Астана» турнир қожайындарымен кездесті. Бірінші кезең «Самараның» он ұпайлық артықшылығымен аяқталғанына қарамастан, артыншп қазақстандық клуб үшінші кезеңнің соңына қарай басымдықты бір ұпайға дейін қысқарта алды. Ойындағы текетірес соңғы минутқа дейін созылды, бірақ матч соңында алаң иелері жеңіске жетті.

«Астанадан» Карвел Андерсон (17 ұпай, 4 рет допқа бірінші жету, 2 рет тосқауыл), Девин Дэвис (10 ұпай, 8 рет допқа бірінші жету) және Маркелл Джонсон (5 ұпай, 6 рет допқа жету, 6 ассист) ерекше көзге түсті.

Тағы бір кездесуде «ПАРМА» «Уралмашты» жеңді, енді «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа командасымен сенбіде кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Рустам Мырзағалиев, Вадим Щербак, Роман Марчук, Дмитрий Гаврилов және Руслан Айтқали қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында жүр, ұлттық команда Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына қатысады. Олардың орнына негізгі командаға «Астана академиясынан» Александр Оразбеков, Валерий Симонов және Игорь Каныгин шақырылды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»